Батыс Қазақстанда «Ақбидай» ойындары өтіп жатыр

8 Тамыз 2013, 08:01

8 тамыз күні Ақжайық ауданының орталығы - Чапаев ауылында облыстық V «Ақбидай» ауыл спорты ойындары басталды. Оған облыс аудандарынан мыңнан астам спортшы қатысуда. Аталмыш спорт мерекесінде олар бәйге, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу, шағын футбол, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, волейбол, гір көтеру, дойбы ойындарынан сынға түспек. Сағат 17.00-де «Жастар» спорт алаңында өтетін ойындардың ашылу салтанатына облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысады деп күтілуде. Ойындар алауын Қазан қаласында өткен Универсиаданың күміс жүлдегері, самбошы, Ақжайық ауданының түлегі Бағдат Жарылғасов жағады. «Ақбидай» жеңімпаздары республикалық жарысқа жолдама алады. ҚазАқпарат.

8 тамыз күні Ақжайық ауданының орталығы - Чапаев ауылында облыстық V «Ақбидай» ауыл спорты ойындары басталды.

Оған облыс аудандарынан мыңнан астам спортшы қатысуда. Аталмыш спорт мерекесінде олар бәйге, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу, шағын футбол, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, волейбол, гір көтеру, дойбы ойындарынан сынға түспек.

Сағат 17.00-де «Жастар» спорт алаңында өтетін ойындардың ашылу салтанатына облыс әкімі Нұрлан Ноғаев қатысады деп күтілуде. Ойындар алауын Қазан қаласында өткен Универсиаданың күміс жүлдегері, самбошы, Ақжайық ауданының түлегі Бағдат Жарылғасов жағады.

«Ақбидай» жеңімпаздары республикалық жарысқа жолдама алады.

ҚазАқпарат.

Бөлісу: