«Хазардан-Қазаққа дейін» тарихи экспедиция басталды

8 Тамыз 2013, 05:54

Атырау облысы әкімдігінің ғимараты алдындағы Бейбарыс ескерткіші жанында «Қазақстан» РТРК» АҚ облыстық филиалы ұсынысымен, Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен ұлт тарихының облыс аумағындағы құндылықтарын жұртшылыққа тереңірек жеткізу мақсатында «Хазардан-Қазаққа дейін» атты жаңа экспедицияның алғашқы сапарлық рәсімі өтті. Рәсімге облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан, облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Әсия Қыстаубаева қатысты -Экспедицияның мақсаты - деді Шыңғыс Жұмабекұлы,- қанша ғасыр өтсе де, маңыздылығын жоймайтын тарихтың куәсі-Ұлы Жібек жолын негізге ала отырып, Атырау облысы өңіріндегі тарихи-мәдени мұраларға саяхат жасау. Аймақтың тарихи-мәдени мұрасын қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекцияның мәліметтеріне сүйенсек, бүгінде облыс бойынша 313 тарихи-мәдени ескерткіш, 525 мәдени нысан тіркелген.Туған өлкеміздің баға жетпес тарихи мұрасы өлкетанушы, археолог, тарихшылар мен журналистердің деректері арқылы қалың жұртшылыққа жеткізілмек. Осы мақсатта Атырауда Тарих және археология институты қайтадан ашылып, жұмыс істейтін болады. Бұл құрылым тарихи ескерткіштерді зерттеумен және табумен, тізімге еңгізумен айналасады. Экспедицияның топ жетекшілерінің бірі, «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау филиалының редакторы Елнұр Есмұратованың айтқанындай, Мақат ауданында басталатын алғашқы сапар Жылой, Қызылқоға, Индер, Атырау қаласы, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарының елді мекендерінде жалғасады. Облыс тарихында бұрын-соңды болмаған жоба - 10 бөлімнен тұратын деректі фильм түсірілмек. ҚазАқпарат

Атырау облысы әкімдігінің ғимараты алдындағы Бейбарыс ескерткіші жанында «Қазақстан» РТРК» АҚ облыстық филиалы ұсынысымен, Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен ұлт тарихының облыс аумағындағы құндылықтарын жұртшылыққа тереңірек жеткізу мақсатында «Хазардан-Қазаққа дейін» атты жаңа экспедицияның алғашқы сапарлық рәсімі өтті.

Рәсімге облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан, облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы Әсия Қыстаубаева қатысты
-Экспедицияның мақсаты - деді Шыңғыс Жұмабекұлы,- қанша ғасыр өтсе де, маңыздылығын жоймайтын тарихтың куәсі-Ұлы Жібек жолын негізге ала отырып, Атырау облысы өңіріндегі тарихи-мәдени мұраларға саяхат жасау. Аймақтың тарихи-мәдени мұрасын қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекцияның мәліметтеріне сүйенсек, бүгінде облыс бойынша 313 тарихи-мәдени ескерткіш, 525 мәдени нысан тіркелген.Туған өлкеміздің баға жетпес тарихи мұрасы өлкетанушы, археолог, тарихшылар мен журналистердің деректері арқылы қалың жұртшылыққа жеткізілмек. Осы мақсатта Атырауда Тарих және археология институты қайтадан ашылып, жұмыс істейтін болады. Бұл құрылым тарихи ескерткіштерді зерттеумен және табумен, тізімге еңгізумен айналасады.
Экспедицияның топ жетекшілерінің бірі, «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау филиалының редакторы Елнұр Есмұратованың айтқанындай, Мақат ауданында басталатын алғашқы сапар Жылой, Қызылқоға, Индер, Атырау қаласы, Махамбет, Исатай, Құрманғазы аудандарының елді мекендерінде жалғасады. Облыс тарихында бұрын-соңды болмаған жоба - 10 бөлімнен тұратын деректі фильм түсірілмек.

ҚазАқпарат

Бөлісу: