8 Тамыз 2013, 05:39
Өскемен дүкендерінде нан бағасы қайтадан қымбаттады. Кешегі күнге дейін 50 теңгеден сатылып келген ақ нанның бағасы 55 теңгеге көтерілді.
Қала әкімдігі жыл басында «бұдан былай нан бағасы қымбаттамайды» деп, уәде берген болатын.
«Біз 23 нан зауытымен меморандум жасадық. Бұдан бөлек, халық көп тұтынатын азық-түлік өнімдері нан және сүт өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөнінде 14 келісімге қол қойдық. Бағаны қымбаттатып отырғандар меморандум жасауға қатыспаған нан шығарушылар болуы керек», - дейді Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжанов.
Дегенмен, қала тұрғындары меморандумның шарапатын көре алмай отыр. Шындығын айту керек, халықтың негізгі тұтынатын өнімі – нанның құны 50 теңгеден түспей отыр.
Baq.kz