7 Тамыз 2013, 09:15
Қарағандылық «Шахтер» клубының ойыншысы Мақсат Байжанов 6 тамызда 29 жасқа толды. Кеше Албания астанасы Тиранда «Шахтер» мен «Скербендеу» арасында өткен қарымта кездесуде Мақсат Байжанов қарсылас команданың қақпасына шешуші голды соқты.
Мақсат Байжанов 1984 жылы тамыз айының 6-сында дүниеге келген. Бойы 1 метр 78 сантиметр. Салмағы 69 килограмм. Жартылай қорғаушы. Футболшылық карьерасын Қызылорданың Қайсар ФК-ында бастаған. Қазақстанның құрама командасының ойыншысы. Қазір Мақсат кеншілер клубының белді ойыншысы.
Орда бұзар шақты алқымдап қалған аяқдопшыға қазақ футболын дамытуға сүбелі үлесіңізді қоса беріңіз деген тілек білдіреміз.
Baq.kz