7 Тамыз 2013, 05:49
Forbes журналының бағалауына қарағанда, 2013 жылдың ең бай спортшысы ретінде Ресей теннисшісі Мария Шарапованың есімі аталды.
2012 маусым мен 2013 жылдың шілде аралығында Шарапова 29 миллион доллар пайда тапқан көрінеді. Бұл ақшаның ішіне коммерциялық іс-шаралардан түскен пайда, әртүрлі жарыстардан түскен, жеңімпазға берілетін жүлде мен сыйақылар, демеушілік келісімдер және бонустар кіреді.
Ал екінші орында 20,5 млн доллармен америкалық теннисші Серена Уильямс тұр. Ал рейтингінің үшінші сатысында қытайлық спортшы Ли На тұрғанын айта кету керек. Оның жылдық табысы – 18, 2 миллион доллар.
Бір қызығы, алғашқы ондықты құраған спортшының сегізі де – әйелдер көрінеді. Олардың барлығы теннисшілер екен. Демек, спорт әлеміндегі ең бай сала да теннис болып тұр ғой...
Baq.kz