Павлодарда ауыл әкімдері бүгін анықталады

7 Тамыз 2013, 05:30

Павлодар облысында қалалық және аудандық мәслихат депутаттар ауыл әкімдерін сайлауға кірісті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Әлия Сабырхановаға сілтеме жасай отырып.  «Қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларының шешіміне сәйкес Павлодар облысында дауыс беру отырысы бір күнде -7 тамызда өткізіледі. Барлығы 148 әкім сайланады. Олардың 126-ы ауылдық округ, 4-уі кент, 18-і ауыл әкімдері», - деді Ә. Сабырханова. Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінде қала және аудан әкіміне 453 үміткер тіркелген. Олардың  6-уы Ақтоғай, Лебяжі, Май аудандарында бір үміткерден, Успен ауданында 3 үміткер тізімнен шығарылған.  «Осылайша қалалық және аудандық сайлау комиссиялары аудан әкімі лауазымына 447 үміткер тіркеген. Екібастұз қаласындағы Железнодорожный, Ақкөл ауылдық округтері, Ертіс ауданының Қарақұдығы, Май ауданының Сәтин, Кеңтүбек және Павлодар ауданының Черноярск ауылдарында әкім 4 үміткер арасынан таңдалынады. Ақтоғайдың Мүткенов, Лебяжі ауданының Шәкин, Май ауданының Майтүбек ауылдарында әкім сайлауына 2 үміткер қатысады. Қалған округтерде 3 үміткерден тіркелген», - деп отыр Ә. Сабырханова. Үміткерлердің 25 пайызы қазіргі әкімдер. Үміткерлердің орташа жасы 42, 35 жасқа дейінгілердің үлесі 26,9%.

Павлодар облысында қалалық және аудандық мәслихат депутаттар ауыл әкімдерін сайлауға кірісті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Әлия Сабырхановаға сілтеме жасай отырып. 

«Қалалық және аудандық аумақтық сайлау комиссияларының шешіміне сәйкес Павлодар облысында дауыс беру отырысы бір күнде -7 тамызда өткізіледі. Барлығы 148 әкім сайланады. Олардың 126-ы ауылдық округ, 4-уі кент, 18-і ауыл әкімдері», - деді Ә. Сабырханова. Облыстық сайлау комиссиясының мәліметінде қала және аудан әкіміне 453 үміткер тіркелген. Олардың  6-уы Ақтоғай, Лебяжі, Май аудандарында бір үміткерден, Успен ауданында 3 үміткер тізімнен шығарылған. 

«Осылайша қалалық және аудандық сайлау комиссиялары аудан әкімі лауазымына 447 үміткер тіркеген. Екібастұз қаласындағы Железнодорожный, Ақкөл ауылдық округтері, Ертіс ауданының Қарақұдығы, Май ауданының Сәтин, Кеңтүбек және Павлодар ауданының Черноярск ауылдарында әкім 4 үміткер арасынан таңдалынады. Ақтоғайдың Мүткенов, Лебяжі ауданының Шәкин, Май ауданының Майтүбек ауылдарында әкім сайлауына 2 үміткер қатысады. Қалған округтерде 3 үміткерден тіркелген», - деп отыр Ә. Сабырханова.

Үміткерлердің 25 пайызы қазіргі әкімдер. Үміткерлердің орташа жасы 42, 35 жасқа дейінгілердің үлесі 26,9%.

Бөлісу: