Ксерокс аппараты жайлы не білесіз?

7 Тамыз 2013, 04:28

Осыдан 176 жыл бұрын Томас Эдисон алғаш рет ксероксты патенттеді. Томас Эдисонның бұл жаңалығы Еуропа елдеріне кең тарап, кеңсе жұмыстарына қолдануға ғалымдар аппаратты құрастыру ісін қолға алды. Көшірме жұмыстарына тиімді бұл аппарат ғылымда электрография деп аталады. Ең алғашқы ксерокс аппаратын 1906 жылы «Xerox Corporation» компаниясы жұртшылыққа таныстырды.  Өкінішке орай, бұл аппараттар кең қолданысқа ие болмады. Себебі онымен жұмыс істеу қиынға соғатын. Электрографиялық жолмен ең алғаш рет бұл аппаратты Честор Карлсон өз лабораториясында көмекшісі Отто Корнеймен бірге тәжірибеден өткізді. Ұстазы мен шәкіртінің бұл ісі жемісті болып, 1938 жылы жалпы кең қолданысқа арналған ксерокс аппараты жасалды. Сөйтіп, бір аппаратқа 1942 жылы Томас Эдисоннан кейін Карлсон 2-ші рет патент алынды. Бұл мәселеге бір қызығы ешкім баса назар аудармаған.  Ал, ксерокс сөзінің пайда болуы тіптен қызық. Гректің «xeros» — «құрғақ» және «graphos» — «жазу» сөздерінен шыққан. Осылайша аппараттың алғашқы атауы «ксерография» болды. Бірақ аппаратты толыққанды құрастырып шыққан Карлсон бұл сөзді қысқартып айтқанды жөн санап, жергілікті филологтың көмегіне жүгінеді. Филолог бұл сөзді жай ғана «ксерокс» деп атауды ұсынды. Ұсыныспен келіскен Карлсон өз аппаратын саудаға шығарға сәтте «ксерокс» деп таныстырды. Жеке қолданушылар үшін ксерокс аппараты 1948 жылы дүкендерде сатыла бастады. Оның атауы «Model A» ксерокс аппараты болатын. Әлемге танымал болған «Haloid» компаниясы Карлсонның құрметіне өз атауын өзгертіп, 1968 жылдан соң «Xerox Corporation» деп атала бастады. Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

Осыдан 176 жыл бұрын Томас Эдисон алғаш рет ксероксты патенттеді.

Томас Эдисонның бұл жаңалығы Еуропа елдеріне кең тарап, кеңсе жұмыстарына қолдануға ғалымдар аппаратты құрастыру ісін қолға алды. Көшірме жұмыстарына тиімді бұл аппарат ғылымда электрография деп аталады. Ең алғашқы ксерокс аппаратын 1906 жылы «Xerox Corporation» компаниясы жұртшылыққа таныстырды. 
Өкінішке орай, бұл аппараттар кең қолданысқа ие болмады. Себебі онымен жұмыс істеу қиынға соғатын. Электрографиялық жолмен ең алғаш рет бұл аппаратты Честор Карлсон өз лабораториясында көмекшісі Отто Корнеймен бірге тәжірибеден өткізді. Ұстазы мен шәкіртінің бұл ісі жемісті болып, 1938 жылы жалпы кең қолданысқа арналған ксерокс аппараты жасалды. Сөйтіп, бір аппаратқа 1942 жылы Томас Эдисоннан кейін Карлсон 2-ші рет патент алынды. Бұл мәселеге бір қызығы ешкім баса назар аудармаған. 
Ал, ксерокс сөзінің пайда болуы тіптен қызық. Гректің «xeros» — «құрғақ» және «graphos» — «жазу» сөздерінен шыққан. Осылайша аппараттың алғашқы атауы «ксерография» болды. Бірақ аппаратты толыққанды құрастырып шыққан Карлсон бұл сөзді қысқартып айтқанды жөн санап, жергілікті филологтың көмегіне жүгінеді. Филолог бұл сөзді жай ғана «ксерокс» деп атауды ұсынды. Ұсыныспен келіскен Карлсон өз аппаратын саудаға шығарға сәтте «ксерокс» деп таныстырды. Жеке қолданушылар үшін ксерокс аппараты 1948 жылы дүкендерде сатыла бастады. Оның атауы «Model A» ксерокс аппараты болатын. Әлемге танымал болған «Haloid» компаниясы Карлсонның құрметіне өз атауын өзгертіп, 1968 жылдан соң «Xerox Corporation» деп атала бастады.

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

Бөлісу: