7 Тамыз 2013, 03:50
Пәкстанның Карачи қаласында стадион жарылып, салдарынан кем дегенде 11 адам көз жұмды. Алаңда болған тағы 20 адам дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген деп хабарлайды жергілікті дереккөздер.
Куәгерлердің айтуынша, мотоциклге тиелген жарылғыш зат ойын аяқталған тұста іске қосылған. Қайтыс болғандардың көпшілігі матчты тамашалауға келген жасөспірімдер.
Полиция қызметкерлерінің болжамынша, лаңкестер Синд провинциясының министрі Джавед Нагориге қастандық жасамақ болған. Алайда, жоспарлары іске аспай, жарылыс өзге жандардың өмірін алып кетті.
Қазіргі таңда Пәкстандағы ешбір лаңкестік топ бұл оқиғаны өз мойнына алған жоқ.
Baq.kz