Судың емдік қасиеттері

6 Тамыз 2013, 04:46

Су тіршілік көзі. Осы мөлдір сұйықтықта тіршіліктің көзі жатыр.Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған су туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Судың адамның шөлін қандыру немесе тұрмыстық қажеттілігінен басқа да сұраныстарына ие. Тіпті оның емдік қасиеттері жайлы да жиі айтылады. Жапон ғалымы Масару Эмото бірнеше жылдар бойы судың қасиетін зерттеген екен. Ол тазартылған суды бір ыдысқа құйып, сол судың жанына адамдар келіп «махаббат», «періште», «рақмет», «бейбітшілік» деген сияқты сөздер айтқан. Ғалым осы суды қатырып, суретке түсірген кезде кристалдары керемет әдемі, үйлесімді болып шыққанын байқаған. Ал дәл осы суға «ыза», «соғыс», «қан», «өлім» сияқы жағымсыз сөздер айтқан кезде кристалдары мүлде басқа,  бей-берекет, көмескі, қара лай болып шыққанын көріпті. Жапон ғалымы су біздің барлық эмоциямызды, сезімімізді, сөзіміз бен дұғамызды, музыканы қабылдайтынын осылай дәлелдеген. Дәрігерлердің айтуынша, сумен емделудің қарапайым әдіс-тәсілдері көп. Мәселен, суды алдымен қатырып, кейін ерітіп ішуге болады. Тек үстіңгі қабатын төгіп тастау керек. Өйткені ауыр металдар судың бетіне көтеріледі. Осы суды адам күнде таңертең аш қарынға ішіп отырса, емдік қасиеті зор. Адам ағзасы бірден жұмысқа кіріседі. Ағзаға таза су енеді де, ол біздің сұйықтық қанымызға әсер етеді және тазалық ақпаратын жеткізеді. Сөйтіп біздің бойымыздағы сұйықтықтардың құрылымдануына ықпал жасайды. Адам денесінің 70 пайызы судан тұрады. Ендеше, ағзадағы судың құрамын өзгерте отырып, сауығуға әбден болады. Судың біз біле бермейтін жиырмадан астам өзге де қасиеттері бар: 1. Иммунитет жүйесінің негізін салатын жілік майының түрлі ауруларға қарсылығын күшейтеді.  2. Су – азық, дәрумен және минералдардың негізгі еріткіші. 3. Су азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады. 4. Эритроциттың жұмыс өнімділігін артырады. 5. Жасушаларды оттегімен қамтамасыз етіп, қалдық газдарды өкпеге тасымалдайды.  6. Улы қалдықтарды жинап, бауыр мен бүйрекке жеткізеді. 7. Буын қуыстарын негізгі майлаушы зат болып табылады. 8. Омыртқа дискілеріндегі шокты су көпшіктеріне айналдырады. 9. Ішектердің жұмысын реттейді, майлануын қамтамасыз етеді. 10. Дене температурасын реттейді. 11. Су – мидың функциялары үшін күш және электрлік энергия көзі.  12. Жүрек ауруы мен сал болу (параллич) ауруынан сақтайды.  13. Мидан бөлінетін гормонардың жасалуы үшін қажет. 14. Су адам зейінін ашады. 15. Жұмыс өнімділігін арттырады. 16. Ешқандай жанама әсері жоқ. 17. Стресс пен депрессияны басады. 18. Ұйқыны жөнге келтіреді, шаршағанды кеті-реді, теріні жұмсартады. 19. Көздерге жанар береді, ағзада қан жасалуын реттейді. 20. Инфекция мен рак ауруына қарсы иммунитетті күшейтеді. 21. Қанды сұйылтып, қан айналымы кезінде қоюлануының алдын алады. 22. Етеккірден бұрын келетін сырқат пен дене қызуын басады. 23. Қанды сұйылтып, қатты заттардың шөгуіне кедергі жасайды. 24. Салмақ қосуды жеңілдетеді.  25. Жүктілікте жүрек айнуын азайтады. 26. Кәрілікте есінен алжасудың алдын алуға көмектеседі. Ал, әлемдегі ең таза су – зәмзәм суы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2004 жылғы мәліметі бойынша, бұл су әлемдегі ішуге пайдалы ең таза су. АҚШ- та жасалған тест нәтижесінде жер бетінде құрамында микроорганизмдер мен бактериялар кездеспейтін бірден-бір таза су – осы зәмзәм екендігі ғылыми негізде дәлелденіп отыр. АҚШ-та әртүрлі сусындар мен жемістерді елге әкелуге тиым салынғанымен, зәмзәм суына тиым салынбайды. Зәмзәм суының басқа суларға қарағанда құрамында күкірті аз, құнарлы, минералы көп. Тойыну үшін ішкен адамның қарны тояды, шөлдеген адам ішсе, шөлі қанады. Қала суынан айырмашылығы – құрамында кальций мен магний тұздары мөлшерінің көптігі. Шаршаған адам зәмзәм суын бетіне жақса, ол қатты рахаттанады. Тағы бір ерекшелігі, зәмзәм суының құрамын да түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұратын фтор бар. Өмірде судың дәмін бұзатын биологиялық құбылыстар зәмзәм суына ешқандай әсер етпейді. Бұл да ғылыми тұрғыда дәлелденген.  Еліміздің де әр өңірінде тереңнен атқылап, жер бетіне шығып жатқан емдік қасиеті мол минералды су бұлақтары кездеседі. Олар температурасы және құрамындағы газдар мен тұздарының түрі жағынан (хлор, калий, натрий, темір және т.б.) әр түрлі болып келеді. Адам ағзасына шипалық әсері бар Алмаарасан, Қапаларасан, Сарыағаш, Жаркентарасан курорт-санаторийлері, емханалар салынған. Бұрыннан белгілі минералды қайнарлар, әсіресе, шөлді аудандарда көп кездеседі, жергілікті халық бұларды ем үшін пайдалануда. baq.kz

Су тіршілік көзі. Осы мөлдір сұйықтықта тіршіліктің көзі жатыр.Бірақ күнделікті тұрмыстың ажырамас бөлігіне айналған су туралы біріміз білсек, біріміз біле бермейміз. Судың адамның шөлін қандыру немесе тұрмыстық қажеттілігінен басқа да сұраныстарына ие. Тіпті оның емдік қасиеттері жайлы да жиі айтылады.

Жапон ғалымы Масару Эмото бірнеше жылдар бойы судың қасиетін зерттеген екен. Ол тазартылған суды бір ыдысқа құйып, сол судың жанына адамдар келіп «махаббат», «періште», «рақмет», «бейбітшілік» деген сияқты сөздер айтқан. Ғалым осы суды қатырып, суретке түсірген кезде кристалдары керемет әдемі, үйлесімді болып шыққанын байқаған. Ал дәл осы суға «ыза», «соғыс», «қан», «өлім» сияқы жағымсыз сөздер айтқан кезде кристалдары мүлде басқа,  бей-берекет, көмескі, қара лай болып шыққанын көріпті. Жапон ғалымы су біздің барлық эмоциямызды, сезімімізді, сөзіміз бен дұғамызды, музыканы қабылдайтынын осылай дәлелдеген. Дәрігерлердің айтуынша, сумен емделудің қарапайым әдіс-тәсілдері көп. Мәселен, суды алдымен қатырып, кейін ерітіп ішуге болады. Тек үстіңгі қабатын төгіп тастау керек. Өйткені ауыр металдар судың бетіне көтеріледі. Осы суды адам күнде таңертең аш қарынға ішіп отырса, емдік қасиеті зор. Адам ағзасы бірден жұмысқа кіріседі. Ағзаға таза су енеді де, ол біздің сұйықтық қанымызға әсер етеді және тазалық ақпаратын жеткізеді. Сөйтіп біздің бойымыздағы сұйықтықтардың құрылымдануына ықпал жасайды. Адам денесінің 70 пайызы судан тұрады. Ендеше, ағзадағы судың құрамын өзгерте отырып, сауығуға әбден болады.
Судың біз біле бермейтін жиырмадан астам өзге де қасиеттері бар:
1. Иммунитет жүйесінің негізін салатын жілік майының түрлі ауруларға қарсылығын күшейтеді. 
2. Су – азық, дәрумен және минералдардың негізгі еріткіші.
3. Су азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады.
4. Эритроциттың жұмыс өнімділігін артырады.
5. Жасушаларды оттегімен қамтамасыз етіп, қалдық газдарды өкпеге тасымалдайды. 
6. Улы қалдықтарды жинап, бауыр мен бүйрекке жеткізеді.
7. Буын қуыстарын негізгі майлаушы зат болып табылады.
8. Омыртқа дискілеріндегі шокты су көпшіктеріне айналдырады.
9. Ішектердің жұмысын реттейді, майлануын қамтамасыз етеді.
10. Дене температурасын реттейді.
11. Су – мидың функциялары үшін күш және электрлік энергия көзі. 
12. Жүрек ауруы мен сал болу (параллич) ауруынан сақтайды. 
13. Мидан бөлінетін гормонардың жасалуы үшін қажет.
14. Су адам зейінін ашады.
15. Жұмыс өнімділігін арттырады.
16. Ешқандай жанама әсері жоқ.
17. Стресс пен депрессияны басады.
18. Ұйқыны жөнге келтіреді, шаршағанды кеті-реді, теріні жұмсартады.
19. Көздерге жанар береді, ағзада қан жасалуын реттейді.
20. Инфекция мен рак ауруына қарсы иммунитетті күшейтеді.
21. Қанды сұйылтып, қан айналымы кезінде қоюлануының алдын алады.
22. Етеккірден бұрын келетін сырқат пен дене қызуын басады.
23. Қанды сұйылтып, қатты заттардың шөгуіне кедергі жасайды.
24. Салмақ қосуды жеңілдетеді. 
25. Жүктілікте жүрек айнуын азайтады.
26. Кәрілікте есінен алжасудың алдын алуға көмектеседі.
Ал, әлемдегі ең таза су – зәмзәм суы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2004 жылғы мәліметі бойынша, бұл су әлемдегі ішуге пайдалы ең таза су. АҚШ- та жасалған тест нәтижесінде жер бетінде құрамында микроорганизмдер мен бактериялар кездеспейтін бірден-бір таза су – осы зәмзәм екендігі ғылыми негізде дәлелденіп отыр. АҚШ-та әртүрлі сусындар мен жемістерді елге әкелуге тиым салынғанымен, зәмзәм суына тиым салынбайды. Зәмзәм суының басқа суларға қарағанда құрамында күкірті аз, құнарлы, минералы көп. Тойыну үшін ішкен адамның қарны тояды, шөлдеген адам ішсе, шөлі қанады. Қала суынан айырмашылығы – құрамында кальций мен магний тұздары мөлшерінің көптігі. Шаршаған адам зәмзәм суын бетіне жақса, ол қатты рахаттанады. Тағы бір ерекшелігі, зәмзәм суының құрамын да түрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұратын фтор бар. Өмірде судың дәмін бұзатын биологиялық құбылыстар зәмзәм суына ешқандай әсер етпейді. Бұл да ғылыми тұрғыда дәлелденген. 
Еліміздің де әр өңірінде тереңнен атқылап, жер бетіне шығып жатқан емдік қасиеті мол минералды су бұлақтары кездеседі. Олар температурасы және құрамындағы газдар мен тұздарының түрі жағынан (хлор, калий, натрий, темір және т.б.) әр түрлі болып келеді. Адам ағзасына шипалық әсері бар Алмаарасан, Қапаларасан, Сарыағаш, Жаркентарасан курорт-санаторийлері, емханалар салынған. Бұрыннан белгілі минералды қайнарлар, әсіресе, шөлді аудандарда көп кездеседі, жергілікті халық бұларды ем үшін пайдалануда.

baq.kz

Бөлісу: