Қола қазан

6 Тамыз 2013, 04:01

Этникалық тегі: сақ конфедерациясының апасиақ тайпасынікі Тақырыптық тегі: салт-тұрмыстық бұйым Мәдени кезең: ерте темір дәуірі  Мерзімделуі: шамамен б.д.д. ІҮ–ІІ ғ.ғ Координаттары: әзірге белгісіз Өлшемі: жалпы биіктігі – 40 см., ішінің тереңдігі – 23,5 см., диаметрі – 350 – 360 мм. Материалы: қола. (мыс пен қалайының қоспасы) Техникасы: Балқыту, қалыпқа құю. Қазан күрделі жолмен, яғни «жоғалған үлгі» әдісімен құйылған. Ол үшін ең әуелі балауыздан қазан үлгісі жасалып, ол екі жағынан қалың сазбен сыланады. Саз кепкен соң қалыпты отпен қыздырғанда саздың ішіндегі балауыз ағып кетеді де, оның орнына балқытылған металл – қола ( мыс пен қалайының қоспасы) құйылады.  Қазіргі таңда бұл қола қазан Қызылорда облысы бойынша тек Жалағаш ауданынан табылған жалғыз жәдігер және ежелгі дәуірде өмір сүрген біздің ата – бабаларымыздың металлургияны қай дәреже мен деңгейде игергенін көрсететін құнды археологиялық артефакттардың бірі. Сипаттамасы: Аталған қазан қоладан қорытылып, сақ тайпаларының «хайуансал стилі» (звериный стиль) қолданбалы өнері негізінде құйылған. Жалпы тұрқы жартылай иілген доға ( полусфералық) пішінінде. Қазанның тіреуіш аяқтары ашатұяқты жануардың сирақтарына ұқсас. Ауызы домалақ болғанмен диаметрі біркелкі емес, сәл қысыңқылау болып келген. Көлемі, құйылу әдісі Жетісу өлкесінен табылған қола қазандарға ұқсас, бірақ та бұл қазанның бір ерекшелігі тіреуіш аяқтарының иілген тұстарында архар, айдаһар, құлан т.б. мақұлықтардың протомдары құйылмаған. Ешкінің аяғына ұқсаған үш аяғы – «сирағының» тілерсегі деп айтуға болатын жоғарғы тұсы геометриялық үлгідегі өрнекпен ( үш ұзынша болып созылған сызық) бедерленген. Қазанның екі жақ бүйірінде ұстайтын екі тұтқасы мен от үстіне шынжырмен іліп қою мақсатында жасалған жартылай иілген екі ілмегі бар. Қазіргі таңдағы ахуалы: Нашар, сыртқы беті көкшіл тартып, беттері мен аяқтары жырылып, сызылған. Кейбір тұстары сәл-пәл майысқан. Тарихы: Аталған жәдігерді өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында «Мәдениет» совхозының (қазіргі Мәдениет ауылы) негізін қалаған Жамбыл атындағы колхоздың ферма меңгерушісі Зарлық Қауқаев деген кісі сексеуіл алуға барғанда Жаңадария өзені бойынан тауып алған. Кейіннен, қазанды З. Қауқаевтың балалары мен немерелері ауыл мектебінің ішіндегі мұражайға өткізген. Қазанды 1999 жылдың күз айында аудан орталығында Қызылорда облысы Жалағаш аудандық тарихи - өлкетану мұражайына Мәдениет ауылындағы І. Қабылов атындағы №32 орта мектептің директоры Г. Сағидатова тапсырған. Baq.kz

Этникалық тегі: сақ конфедерациясының апасиақ тайпасынікі
Тақырыптық тегі: салт-тұрмыстық бұйым
Мәдени кезең: ерте темір дәуірі 
Мерзімделуі: шамамен б.д.д. ІҮ–ІІ ғ.ғ
Координаттары: әзірге белгісіз
Өлшемі: жалпы биіктігі – 40 см., ішінің тереңдігі – 23,5 см., диаметрі – 350 – 360 мм.
Материалы: қола. (мыс пен қалайының қоспасы)
Техникасы: Балқыту, қалыпқа құю.

Қазан күрделі жолмен, яғни «жоғалған үлгі» әдісімен құйылған. Ол үшін ең әуелі балауыздан қазан үлгісі жасалып, ол екі жағынан қалың сазбен сыланады. Саз кепкен соң қалыпты отпен қыздырғанда саздың ішіндегі балауыз ағып кетеді де, оның орнына балқытылған металл – қола ( мыс пен қалайының қоспасы) құйылады. 
Қазіргі таңда бұл қола қазан Қызылорда облысы бойынша тек Жалағаш ауданынан табылған жалғыз жәдігер және ежелгі дәуірде өмір сүрген біздің ата – бабаларымыздың металлургияны қай дәреже мен деңгейде игергенін көрсететін құнды археологиялық артефакттардың бірі.
Сипаттамасы: Аталған қазан қоладан қорытылып, сақ тайпаларының «хайуансал стилі» (звериный стиль) қолданбалы өнері негізінде құйылған. Жалпы тұрқы жартылай иілген доға ( полусфералық) пішінінде. Қазанның тіреуіш аяқтары ашатұяқты жануардың сирақтарына ұқсас. Ауызы домалақ болғанмен диаметрі біркелкі емес, сәл қысыңқылау болып келген. Көлемі, құйылу әдісі Жетісу өлкесінен табылған қола қазандарға ұқсас, бірақ та бұл қазанның бір ерекшелігі тіреуіш аяқтарының иілген тұстарында архар, айдаһар, құлан т.б. мақұлықтардың протомдары құйылмаған. Ешкінің аяғына ұқсаған үш аяғы – «сирағының» тілерсегі деп айтуға болатын жоғарғы тұсы геометриялық үлгідегі өрнекпен ( үш ұзынша болып созылған сызық) бедерленген. Қазанның екі жақ бүйірінде ұстайтын екі тұтқасы мен от үстіне шынжырмен іліп қою мақсатында жасалған жартылай иілген екі ілмегі бар.
Қазіргі таңдағы ахуалы: Нашар, сыртқы беті көкшіл тартып, беттері мен аяқтары жырылып, сызылған. Кейбір тұстары сәл-пәл майысқан.
Тарихы: Аталған жәдігерді өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында «Мәдениет» совхозының (қазіргі Мәдениет ауылы) негізін қалаған Жамбыл атындағы колхоздың ферма меңгерушісі Зарлық Қауқаев деген кісі сексеуіл алуға барғанда Жаңадария өзені бойынан тауып алған. Кейіннен, қазанды З. Қауқаевтың балалары мен немерелері ауыл мектебінің ішіндегі мұражайға өткізген.
Қазанды 1999 жылдың күз айында аудан орталығында Қызылорда облысы Жалағаш аудандық тарихи - өлкетану мұражайына Мәдениет ауылындағы І. Қабылов атындағы №32 орта мектептің директоры Г. Сағидатова тапсырған.

Baq.kz

Бөлісу: