Миллиардер Джефф Безос Washington Post газетін сатып алды

6 Тамыз 2013, 03:32

АҚШ-тағы аса ірі әрі беделді басылымдардың бірі Washington Post газеті Amazon.com негізін қалаушысы әрі жетекшісі, миллиардер Джефф Безосқа сатылмақ. Бұл туралы Washington Post Co компаниясының хабарламасында жазылған. Безос газет пен оның қосымшаларын 250 миллион долларға сатып алады. Осыған дейін басылым Грэм отбасына тиесілі болатын. Безос өзі жасайтын бұл келісімге Amazon.com қатыспайды.  Миллиардер газетті 100 пайыз иемденеді. Келісім алдағы екі айдың ішінде жасалады деген болжам бар. ҚазАқпарат.

АҚШ-тағы аса ірі әрі беделді басылымдардың бірі Washington Post газеті Amazon.com негізін қалаушысы әрі жетекшісі, миллиардер Джефф Безосқа сатылмақ. Бұл туралы Washington Post Co компаниясының хабарламасында жазылған.

Безос газет пен оның қосымшаларын 250 миллион долларға сатып алады. Осыған дейін басылым Грэм отбасына тиесілі болатын. Безос өзі жасайтын бұл келісімге Amazon.com қатыспайды.

 Миллиардер газетті 100 пайыз иемденеді. Келісім алдағы екі айдың ішінде жасалады деген болжам бар.

ҚазАқпарат.

Бөлісу: