Мұсылман спортшыларының таңдай қақтырған он жайты

6 Тамыз 2013, 03:24

Аламан» ұлттық спорт порталы мұсылман спортшыларының таңдай қақтырған он жайтын жариялады. 1. Немістердің «Бавария-Мюнхен» футбол клубы өздерінің мұсылман ойыншылары мен жанкүйерлері үшін мешіт тұрғызды. Құдайға құлшылық ететін үй тұрғызу жөніндегі ұсынысты осы клубтың жартылай қорғаушысы Біләл Франк Рибери жасаған көрінеді. 2. «Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Хавьер Эрнандес Балькасар пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) өмір жолына тәнті екенін айта келіп: «Мен мұсылман емеспін. Алайда, меніңше, Мұхаммед пайғамбарға (с.а.с.) жететін адам жоқ», - деп жазыпты өзінің твиттердегі парақшасында. 3. Испанияның «Реал Мадрид» клубы мұсылмандардың жүрегіне жол табу үшін әрі оларға құрмет белгісі ретінде өзінің логотипіндегі христиандардың айшығын алып тастады. 4. Премьер-Лиганың жарық жұлдызы Яя Туре Ислам дінінде ішімдікке тыйым салынғандықтан сыйлық ретінде берілген «Матч ойыншысы» деп аталатын спирт шөлмегінен бас тартты. Ол «Барселона» клубына келген бойда өзінің дінін жасырмай, жаһанға жар салып жүр. Ол мұнымен айы оңынан туған футболшы мен діндар мұсылманның ешқандай кереғарлығы жоқ екенін айтқысы келгендей. 6. Ішімдікке деген әуестікпен күресу үшін француз футболшысы Франк Рибери алькогольсіз бар ашты. Осылайша, баламалы әдіспен ішімдікке қарсы күресті бастап кетті. Баварияның жартылай қорғаушысы тегі мароккалық әйелге үйленгеннен кейін Ислам дінін 2006 жылы қабылдаған. Қай дінде екенін көп айта бермейтін ол Исламға келгелі өзін қауіпсіз сезінетінін жасырмаған. 7. Мұсылмандардың саны рекордтық көрсеткішке жеткен Барселона футбол клубы әлем бойынша дәулеті шалқыған екінші клуб болып табылады. Атағынан ат үркетін футбол клубында мұсылмандардың көп болуы ислам жайлы қалыптасқан жағымсыз көзқарас пен жаңсақ ұғымға тойтарыс береді, деп есептейді былайғы жұрт. 8. Испанияның Севилья клубында көп жыл доп тепкен малилік Фредерик Кануте Дидье Дрогба мен Майкл Эссьенді ығыстырып, 2007 жылдың ең шебер ойыншысы атанды. Ол Ислам дінін 1998 жылы қабылдады, осынау беделді атаққа қол жеткізген алғашқы еуропалық ойыншы. Фредерик Кануте Испанияның оңтүстігінде орналасқан Севилья қаласындағы бірден-бір жалғыз мешітті жаптырмай, ерлік істеді. Намаз уақыты кіргенде киінетін бөлмеде де арланбай, құлшылығын қаза қылмай дер кезінде оқитын ол 2008 жылы жабылу қаупі төнген мешітке өз қалтасынан 510860 еуро шығарып, сақтап қалды. Кануте Исламда құмар ойындарға тыйым салынғандықтан ғаламтордағы құмар ойындарды жарнамалайтын жейдені киюден бас тартқан болатын. 9. Парвез Расул Ислам дініне құрмет білдіріп, ликер брендінің логотипінен бас тартты. 10. Оңтүстік Африкалық крикет ойыншысы, 28 жастағы Хашим Амла ішімдік сататын Castel компаниясының логотипі бейнеленген жейдесін киюден бас тартты. Ол Ислам дініне құрмет білдіруді айына тек екі ауыз сөз жарнама үшін берілетін 500 доллардан артық көрді.

Аламан» ұлттық спорт порталы мұсылман спортшыларының таңдай қақтырған он жайтын жариялады.

1. Немістердің «Бавария-Мюнхен» футбол клубы өздерінің мұсылман ойыншылары мен жанкүйерлері үшін мешіт тұрғызды. Құдайға құлшылық ететін үй тұрғызу жөніндегі ұсынысты осы клубтың жартылай қорғаушысы Біләл Франк Рибери жасаған көрінеді.

2. «Манчестер Юнайтедтің» шабуылшысы Хавьер Эрнандес Балькасар пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) өмір жолына тәнті екенін айта келіп: «Мен мұсылман емеспін. Алайда, меніңше, Мұхаммед пайғамбарға (с.а.с.) жететін адам жоқ», - деп жазыпты өзінің твиттердегі парақшасында.

3. Испанияның «Реал Мадрид» клубы мұсылмандардың жүрегіне жол табу үшін әрі оларға құрмет белгісі ретінде өзінің логотипіндегі христиандардың айшығын алып тастады.

4. Премьер-Лиганың жарық жұлдызы Яя Туре Ислам дінінде ішімдікке тыйым салынғандықтан сыйлық ретінде берілген «Матч ойыншысы» деп аталатын спирт шөлмегінен бас тартты. Ол «Барселона» клубына келген бойда өзінің дінін жасырмай, жаһанға жар салып жүр. Ол мұнымен айы оңынан туған футболшы мен діндар мұсылманның ешқандай кереғарлығы жоқ екенін айтқысы келгендей.

6. Ішімдікке деген әуестікпен күресу үшін француз футболшысы Франк Рибери алькогольсіз бар ашты. Осылайша, баламалы әдіспен ішімдікке қарсы күресті бастап кетті. Баварияның жартылай қорғаушысы тегі мароккалық әйелге үйленгеннен кейін Ислам дінін 2006 жылы қабылдаған. Қай дінде екенін көп айта бермейтін ол Исламға келгелі өзін қауіпсіз сезінетінін жасырмаған.

7. Мұсылмандардың саны рекордтық көрсеткішке жеткен Барселона футбол клубы әлем бойынша дәулеті шалқыған екінші клуб болып табылады. Атағынан ат үркетін футбол клубында мұсылмандардың көп болуы ислам жайлы қалыптасқан жағымсыз көзқарас пен жаңсақ ұғымға тойтарыс береді, деп есептейді былайғы жұрт.

8. Испанияның Севилья клубында көп жыл доп тепкен малилік Фредерик Кануте Дидье Дрогба мен Майкл Эссьенді ығыстырып, 2007 жылдың ең шебер ойыншысы атанды. Ол Ислам дінін 1998 жылы қабылдады, осынау беделді атаққа қол жеткізген алғашқы еуропалық ойыншы.

Фредерик Кануте Испанияның оңтүстігінде орналасқан Севилья қаласындағы бірден-бір жалғыз мешітті жаптырмай, ерлік істеді. Намаз уақыты кіргенде киінетін бөлмеде де арланбай, құлшылығын қаза қылмай дер кезінде оқитын ол 2008 жылы жабылу қаупі төнген мешітке өз қалтасынан 510860 еуро шығарып, сақтап қалды.

Кануте Исламда құмар ойындарға тыйым салынғандықтан ғаламтордағы құмар ойындарды жарнамалайтын жейдені киюден бас тартқан болатын.

9. Парвез Расул Ислам дініне құрмет білдіріп, ликер брендінің логотипінен бас тартты.

10. Оңтүстік Африкалық крикет ойыншысы, 28 жастағы Хашим Амла ішімдік сататын Castel компаниясының логотипі бейнеленген жейдесін киюден бас тартты. Ол Ислам дініне құрмет білдіруді айына тек екі ауыз сөз жарнама үшін берілетін 500 доллардан артық көрді.

Бөлісу: