Бүгін Астанада Ақпараттың шынайылығын бағалау орталығы ашылды. Бұл мекеме полиграфтардың - жалғандық детекторлардың соңғы үлгілерімен қамтылған.
Мамандардың айтуынша, орталықтың міндеті - Қазақстандағы психофизиологиялық зерттеулерді жоғары деңгейге көтеру және сапаны бақылау, полиграфологтарды оқыту және сапасыз тапсырыс берушілерден қорғау болып табылады.
АШБО-да іріктеу, аттестаттау, жедел-тергеу қызметін сүйемелдеу, қылмыстарды тергеу және қызметтік тексерулер барысында полиграфтың көмегімен тексеру жүргізуге болады. Орталықтың қызметін пайдаланушылардың басым бөлігі - заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттік құрылымдар.
Қазақстан полиграфологтар қауымдастығының төрағасы, АШБО оқыту жұмысы бойынша директорының орынбасары Татьяна Пивоварова клиенттермен тікелей жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар, Орталық жұмысына әлемге әйгілі полигрофологтардың бірі, ТМД аймағында кеңінен танымал «Диана» сериясындағы полиграф-аппаратының жобалаушысы әрі авторы Александр Сошников пен Ресейдің жетекші полиграфологтарының бірі, ChanceCalc компьютерлік алгоритмінің әмбебап комбинаторлық-ықтималдылық моделінің авторы Александр Пеленицын тартылды.
Ақпараттың шынайылығын бағалау орталығының ашылу салтанатына ҚР Ішкі істер министрлігінің, ҚР Бас прокуратурасының, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің өкілдері қатысты.
astana.kz