Қария 1000 теңге үшін құрбан болды

5 Тамыз 2013, 10:19

Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов атындағы ауданға қарасты Целинное ауылында 1 мың теңге үшін зейнеткер әйелді өлтіріп кетті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  «Ғ.Мүсірепов атындағы ауданға қарасты Целинное ауылында тұратын жалғыз басты 72 жасар зейнеткер әйелге бекітілген әлеуметтік маман оны соңғы рет өткен сәрсенбі күні көрген екен. Бейсенбі мен жұма күні үй телефонына хабарласа алмағаннан кейін ол оның үйіне келіпті. Есікте құлп ілініп тұрғанын көрсе де ол терезенің сынған әйнегін көріп қатты күдіктенген. Үй ішіне қараған ол әйелдің өлі жатқан денесін көріп, дереу полиция шақырған», - деп мәлім етті облыстық департамент баспасөз қызметінің жетекшісі Мәдина Балғашұқова.  Шақырту бойынша оқиға орнынан келіп жеткен Ғ.Мүсірепов атындағы ІІБ тергеу-оперативтік тобының қызметкерлері астан-кестен болған үй ішінен әйелдің мәйітін табады. Сараптама нәтижесі көрсеткендей, ауыл тұрғыны басынан қатты соққы алған, кеудесінде кесілген-тесілген жарақаты бар. Полиция қызметкерлері өздерінде есепте тұрғандардың бәрін осы іске қатыстығы бойынша тексеріп шықты. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлердің назарына 22 жасар жігіт ілігіп, ол өз кезегінде адам өліміне қатыстығын бірден мойындаған.  Күдіктілердің тізіміне бұдан бұрын қарақшылық үшін істі болып, 2010 жылы босап шыққан Целинное ауылының 30 жасар тұрғыны да ілікті. Алайда ол полицейлерге аталған іске еш қатысы жоқ екенін мәлім етті. Оның айналасындағылардан жауап ала отырып, полицейлер тағы бір күдіктінің ізіне шықты. Соңғысы бұған дейін істі болған ауылдасымен бірге ақша табу мақсатымен қарт әйелге шабуыл жасағандарын айтып берді. Сырттан сымның көмегімен үйдің күршегін ашып кірген олар сол сәтте теледидар көріп отырған зейнеткердің басынан соққы жасап, оның мәйітін ұйықтайтын бөлмеге сүйреп кіргізген. Сөйтіп үйді тінтіп, ақша іздеуге кіріседі. Күдіктілердің айтқандарына қарағанда, үйден 1 мың теңгеден артық ақша таба алмаған.  Ғ.Мүсірепов атындағы аудандық ІІБ бастығының орынбасары полиция майоры Сергей Табарин мәлім еткендей, тергеу барысында олардың берген жауабы мұқият тексерілетін болады. Әзірге қос күдікті де ҚР ҚІЖК 132-бабына сәйкес аудандық ІІБ-нің уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Оларға қатысты ҚР ҚК 96-бабы бойынша («Адам өлтіру») қылмыстық іс қозғалды. 

Солтүстік Қазақстан облысы Ғ.Мүсірепов атындағы ауданға қарасты Целинное ауылында 1 мың теңге үшін зейнеткер әйелді өлтіріп кетті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«Ғ.Мүсірепов атындағы ауданға қарасты Целинное ауылында тұратын жалғыз басты 72 жасар зейнеткер әйелге бекітілген әлеуметтік маман оны соңғы рет өткен сәрсенбі күні көрген екен. Бейсенбі мен жұма күні үй телефонына хабарласа алмағаннан кейін ол оның үйіне келіпті. Есікте құлп ілініп тұрғанын көрсе де ол терезенің сынған әйнегін көріп қатты күдіктенген. Үй ішіне қараған ол әйелдің өлі жатқан денесін көріп, дереу полиция шақырған», - деп мәлім етті облыстық департамент баспасөз қызметінің жетекшісі Мәдина Балғашұқова. 

Шақырту бойынша оқиға орнынан келіп жеткен Ғ.Мүсірепов атындағы ІІБ тергеу-оперативтік тобының қызметкерлері астан-кестен болған үй ішінен әйелдің мәйітін табады. Сараптама нәтижесі көрсеткендей, ауыл тұрғыны басынан қатты соққы алған, кеудесінде кесілген-тесілген жарақаты бар. Полиция қызметкерлері өздерінде есепте тұрғандардың бәрін осы іске қатыстығы бойынша тексеріп шықты. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлердің назарына 22 жасар жігіт ілігіп, ол өз кезегінде адам өліміне қатыстығын бірден мойындаған. 

Күдіктілердің тізіміне бұдан бұрын қарақшылық үшін істі болып, 2010 жылы босап шыққан Целинное ауылының 30 жасар тұрғыны да ілікті. Алайда ол полицейлерге аталған іске еш қатысы жоқ екенін мәлім етті. Оның айналасындағылардан жауап ала отырып, полицейлер тағы бір күдіктінің ізіне шықты. Соңғысы бұған дейін істі болған ауылдасымен бірге ақша табу мақсатымен қарт әйелге шабуыл жасағандарын айтып берді. Сырттан сымның көмегімен үйдің күршегін ашып кірген олар сол сәтте теледидар көріп отырған зейнеткердің басынан соққы жасап, оның мәйітін ұйықтайтын бөлмеге сүйреп кіргізген. Сөйтіп үйді тінтіп, ақша іздеуге кіріседі. Күдіктілердің айтқандарына қарағанда, үйден 1 мың теңгеден артық ақша таба алмаған. 

Ғ.Мүсірепов атындағы аудандық ІІБ бастығының орынбасары полиция майоры Сергей Табарин мәлім еткендей, тергеу барысында олардың берген жауабы мұқият тексерілетін болады. Әзірге қос күдікті де ҚР ҚІЖК 132-бабына сәйкес аудандық ІІБ-нің уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Оларға қатысты ҚР ҚК 96-бабы бойынша («Адам өлтіру») қылмыстық іс қозғалды. 

Бөлісу: