«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК президенті қамауға алынды

5 Тамыз 2013, 08:54

Қаржы полициясы аса ірі көлемде пара алғаны үшін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының президентін қамауға алды, деп хабарлайды ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің баспасөз қызметі. «2013 жылғы 1 тамызда Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ президенті Ғ.Мырзақұловты ұстады»,- деп жазылған хабарламада. Оған жалпы құны 15 млрд.теңгеден асатын Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросын құрастыру-сынау кешенінің құрылыс жұмыстарын сатып алу конкурсында «Құлагер» құрылыс компаниясы» ЖШС мүдделеріне әрекет етіп, сол үшін аталған кәсіпорынның басқарма төрағасы Т.Егенбаевтан сенімді адамы – Е.Асылбеков арқылы 272 мың АҚШ доллары және 75 млн. 300 мың теңге көлемінде пара алды деген айып тағылып отыр. «Құлагер» ҚК» ЖШС-нің басқарма төрағасы Т.Егенбаев және «Сұңқар Күзет» ЖШС директоры Асылбеков те ұсталды. Егенбаев аса ірі көлемде пара берді деп, ал Асылбеков пара алуға көмектесті деп айыпталуда.  «3 тамызда Мырзақұлов пен Асылбеков сот санкциясымен қамауға, Егенбаев – үй қамауына алынды»,-деп хабарлайды баспасөз қызметі. Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды. bnews.kz

Қаржы полициясы аса ірі көлемде пара алғаны үшін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының президентін қамауға алды, деп хабарлайды ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің баспасөз қызметі.

«2013 жылғы 1 тамызда Қаржы полициясы агенттігінің қызметкерлері аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ президенті Ғ.Мырзақұловты ұстады»,- деп жазылған хабарламада.

Оған жалпы құны 15 млрд.теңгеден асатын Ғарыш техникасының арнайы конструкторлық-технологиялық бюросын құрастыру-сынау кешенінің құрылыс жұмыстарын сатып алу конкурсында «Құлагер» құрылыс компаниясы» ЖШС мүдделеріне әрекет етіп, сол үшін аталған кәсіпорынның басқарма төрағасы Т.Егенбаевтан сенімді адамы – Е.Асылбеков арқылы 272 мың АҚШ доллары және 75 млн. 300 мың теңге көлемінде пара алды деген айып тағылып отыр.

«Құлагер» ҚК» ЖШС-нің басқарма төрағасы Т.Егенбаев және «Сұңқар Күзет» ЖШС директоры Асылбеков те ұсталды.

Егенбаев аса ірі көлемде пара берді деп, ал Асылбеков пара алуға көмектесті деп айыпталуда. 

«3 тамызда Мырзақұлов пен Асылбеков сот санкциясымен қамауға, Егенбаев – үй қамауына алынды»,-деп хабарлайды баспасөз қызметі. Қылмыстық іс тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

bnews.kz

Бөлісу: