5 Тамыз 2013, 05:59
Бүгін Лондонда бұрын-соңды ешкім дәмін жеп көрмеген ас әзірленбек. Түрі кәдімгі ет секілді. Алайда, құрамына келер болсақ... Оны әзірлеу үшін ғалымдар ешқандай да жануарды сойған жоқ. Жасанды ет Маастрихт қаласының (Нидерланды) Университетіндегі зертханада тің жасушасынан жасалынған. Авторы - профессор Марк Пост.
Зертханада өсірілген еттің салмағы 141 грамм. Оны Лондон орталығындағы мейрамханалардың бірі 250 миллион фунт стерлингке сатып алды. Әзірге мейрамхананың атауы жасырын күйінде сақталып отыр. Белгілісі - аспаз оны қуырып, дайын асты екі журналистке береді.
Алғашында, жасанды етті қуыру бақыты әйгілі британдық аспаз Хестон Блюментальға бұйырған. Соңғы сәтте жоба авторы Марк Пост өз өнімін өзі әзірлейтін болып шешті.
140 грамм болатын етті әзірлеу және жеу бір-ақ сәттің жұмысы. Дегенмен, оны зертханада өсіру үшін Пост өте ұзақ уақытын және жүйкесін жұмсады. Мамандардың айтуынша, жасанды еттің мүлдем дәмі жоқ және оны жууға да болады екен.
Енді алдағы бірнеше жылда дүкен сөрелерінде дәл осындай қолдан жасалған төрт түліктің етін сатып алуымыз мүмкін. Британдық ғалымдар осындай болжам айтып отыр.
Марк Пост болса осындай технологиямен әлемдегі ашаршылықты тоқтатуға болады деген пікірде. "Маған ешқандай ферма, ешқандай жем, ешқандай су және ешбір мал керек емес. Енді керекті етті арнайы зауыттарда қалағанымызша шығаратын боламыз және бағасы да қазіргі табиғи өнімнің бағасынан әлдеқайда арзан болады" дейді өнертапқыш.
Baq.kz