3 Тамыз 2013, 22:16
Бүгін американдық саяси қайраткер, Америка Құрама Штаттарының 44-інші президенті, Нобель сыйлығының лауреаты Барак Обама 52 жасқа келді.
Барак Обама 1961 жылы 4 тамызда Гавайи штатының Гонолулу қаласында (АҚШ) туған. Сол жерде ол белді жекеменшік мектепті тәмамдап, білім жолын Лос-Анджелестегі колледжде, одан кейін Колумбиялық университетте жалғастырды. 1983 жылы бакалавр дәрежесін алу алдында Обама, Нью-Йорк ғылыми-зерттеу орталығының Халықаралық бизнес-корпорациясында қаржы сарапшысы болып жұмыс істеп жүрді.
1985 жылы Барак Чикагоға көшіп кетіп, онда түрлі қызметте жұмыс істеді.
Обаманың саясаттағы мансабы Иллионс штатының Сенатында басталды. Онда ол 1996-2004 жылдар аралығында үш рет сайланды.
Обама 2002 жылы президент Джордж Буштың әкімшілігінің Иракқа әскермен баса көктеп кіру жоспарын сынға алған сөздерінен кейін танымалдылыққа ие болды.
2004 жылы Обама АҚШ Сенатына сайлауға түсіп, онда жеңіске жетті. 2007 жылдың ақпанында Обама АҚШ президенттігіне өзінің кандидатурасын ұсынды. Өзінің сайлауалды науқанында ол Ирактағы соғысты тоқтату, жаппай медициналық сақтандыру және энергетикалық тәуелсіздік мәселелерін қозғады.
2008 жылдың қарашасында Барак Обама президенттік сайлауда жеңіп, 2009 жылдың 20 қаңтарында АҚШ-тың 44-інші президенті ретінде ант қабылдады. Б.Обама АҚШ басшылығына келген қара нәсілді алғашқы президент болды.
Baq.kz