Бүгін теміржолшылар күні

3 Тамыз 2013, 10:42

Бүгін еліміз теміржолшылар күнін атап өтеді.   Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ теміржолының даңқ¬ты бір ғасырлық тарихы мен дәстүрі – ел экономикасының сенімді әрі берік ірге¬та¬сы» деген болатын. Ғасырлық тарихы бар қазақ теміржолы бүгінгі күні өзгелермен терезесі тең, иық тірестірер дәрежеге жетті. Мұның бәрі теміржолшы болып еңбек ететін қазақстандықтардың тынымсыз еңбегі мен қажырлы қайратының жемісі.  Бүгінгі уақыттағы қазақ теміржолының дамуы айтарлықтай өскен. Өткен жылдардың өзінде, 2008-2012 жылдары жүк айналымы 231,7 млрд. тонна-шақырымнан 269,3 млрд. тонна-шақырымға жеткізіліп, 16 пайызға артқан. ҚТЖ кірісі 496,8 млрд.теңгеден 819 млрд. теңгеге дейін жеткізіліп 1,7 есеге өсті. 2012 жылы компанияның жинақталған таза табысы 2008 жылға қарағанда 1,8 есеге артып, 113,3 млрд. теңгеге өсті. 2013 жылдың алғашқы алты айында жолаушы тасымалдау саласында өсім байқалды. Жаңа бағдарларда және қосымша құрамаларда сондай-ақ бұрынғы бағыттарда да вагондарда жолаушылардың көптігі байқалды. Биылғы жылғы алты айда жолаушылар айналымы 7,9 млрд. жолаушы –шақырымды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда көрсеткіштің 6,8 пайызға артқандығын байқатады. Салада үдемелі индустрияландыру серпінді жалғасуда. Локомотивтер мен вагондарды жаңғырту «Локомотив құрастыру зауыты», «Тұлпар Тальго», «Қазақстан вагон компаниясы» кәсіпорындарының өнімдерімен атқарылуда. «ҚТЖ» ҰК» АҚ 2011-2012 жылдары еліміздің Индустрияландыру көшбасшысы атанды. Жезқазған- Бейнеу, Арқалық-Шұбаркөл темір жол желілерінің құрылысы белгіленген кестеге сай жүргізілуде. Екі жол телімінде 200 шақырымдық жол төселді. Жыл аяғына дейін екі телімде де басты магистральдық желіні төсеу жұмысын аяқтау көзделуде. 2014 жылдың шілдесіне дейін компания Ақтөбеде рельс өнімдерін шығара бастайды. 2014 жылғы желтоқсанда Астанадағы «Gevo» компаниясының алғашқы дизель қозғалтқышы шығарылады. Қазіргі таңда Өскеменде «Шығысмашзауыты» ірі вагон құймасы кәсіпорны монтаждау және ішкі құрылысын аяқтады. 2014 жылы ҚТЖ өзінің ішкі ресурсы есебінен осы өнім түрімен темір жол саласын толығымен қамтитын болады. Компания алға қойылған басқа да тапсырмаларды тыңғылықты жүзеге асыру үшін мамандардың сапасын жақсартуда. 2013 жылдың алғашқы жартысында ҚТЖ-ның 70 000 еңбеккері оқыса, 8200-і кәсіби біліктілігін көтерді. Биылғы жыл аяғына дейін тағы да 80000 адамды оқыту жоспарланып отыр. Ұжымның әлеуметтік қорғалуына Ұжымдық шарт негізінде кепілдік беріледі.  Осындай үлкен жетістіктерге жеткен теміржолшы қауымның әлеуметтік жағдайы да назардан тыс қалған емес. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еңбеккерлеріне арналған тұрғын үй кешені құрылысы 2012 жылы басталды. Бүгін оның 1-ші кезегі пайдалануға берілді. Үйдің 2-ші кезегіндегі 441 пәтер 2014 жылдың бірінші жартысында пайдалануға беріледі. Жалпы шағын ауданда теміржолшылардың 1029 отбасы қамтылатын болады. Тұрғын үй кешенінің жалпы аумағы 99 000 шаршы метрді құраса, оның 78 000 шаршы метрі пәтер иелерінің құзырындағы тұрғын аумағы болып саналады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ тұрғын үй саясаты елордасында ғана жүзеге асырылып жатқан жоқ. Әлеуметтік аса маңызды саладағы басымдықтар аймақтарға берілген. Мәселен, құрылысы жүргізіліп жатқан Жезқазған- Бейнеу темір жол желісінің бойындағы станциялар мен жол айырықтарынан жаңадан 1482 жайлы пәтер салынады. Жаңадан салынып жатқан Арқалық-Шұбаркөл темір жолы телімінің бойынан 157 еңбеккер үйлі болады. 2008-2012 жылдары үш мың теміржолшы пәтерлі болған еді. Бүгінгі таңда темір жол көлігі Қазақстан Республикасының өндірістік инфрақұрылымының маңызды бөлшегі болып табылады. Қазақстанның географиялық орналасуы (теңізге шығу мүмкіндігі болмауы, су кемелері жүретін өзендер болмауы) территориясының кеңдігі, өндірістің шикізаттық құрылымы, автокөлік саласының инфрақұрылымының төмендігі темір жол көлігінің маңыздылығын арттыра түседі. Қазақстанның теміржол саласы экономиканың дамушы секторы. Соңғы кездері өндірістік және техникалық әлеуеті өсіп келеді. Бұл салада 160 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

Бүгін еліміз теміржолшылар күнін атап өтеді.

 

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақ теміржолының даңқ¬ты бір ғасырлық тарихы мен дәстүрі – ел экономикасының сенімді әрі берік ірге¬та¬сы» деген болатын. Ғасырлық тарихы бар қазақ теміржолы бүгінгі күні өзгелермен терезесі тең, иық тірестірер дәрежеге жетті. Мұның бәрі теміржолшы болып еңбек ететін қазақстандықтардың тынымсыз еңбегі мен қажырлы қайратының жемісі. 
Бүгінгі уақыттағы қазақ теміржолының дамуы айтарлықтай өскен. Өткен жылдардың өзінде, 2008-2012 жылдары жүк айналымы 231,7 млрд. тонна-шақырымнан 269,3 млрд. тонна-шақырымға жеткізіліп, 16 пайызға артқан. ҚТЖ кірісі 496,8 млрд.теңгеден 819 млрд. теңгеге дейін жеткізіліп 1,7 есеге өсті. 2012 жылы компанияның жинақталған таза табысы 2008 жылға қарағанда 1,8 есеге артып, 113,3 млрд. теңгеге өсті. 2013 жылдың алғашқы алты айында жолаушы тасымалдау саласында өсім байқалды. Жаңа бағдарларда және қосымша құрамаларда сондай-ақ бұрынғы бағыттарда да вагондарда жолаушылардың көптігі байқалды. Биылғы жылғы алты айда жолаушылар айналымы 7,9 млрд. жолаушы –шақырымды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда көрсеткіштің 6,8 пайызға артқандығын байқатады.
Салада үдемелі индустрияландыру серпінді жалғасуда. Локомотивтер мен вагондарды жаңғырту «Локомотив құрастыру зауыты», «Тұлпар Тальго», «Қазақстан вагон компаниясы» кәсіпорындарының өнімдерімен атқарылуда. «ҚТЖ» ҰК» АҚ 2011-2012 жылдары еліміздің Индустрияландыру көшбасшысы атанды. Жезқазған- Бейнеу, Арқалық-Шұбаркөл темір жол желілерінің құрылысы белгіленген кестеге сай жүргізілуде. Екі жол телімінде 200 шақырымдық жол төселді. Жыл аяғына дейін екі телімде де басты магистральдық желіні төсеу жұмысын аяқтау көзделуде.
2014 жылдың шілдесіне дейін компания Ақтөбеде рельс өнімдерін шығара бастайды. 2014 жылғы желтоқсанда Астанадағы «Gevo» компаниясының алғашқы дизель қозғалтқышы шығарылады. Қазіргі таңда Өскеменде «Шығысмашзауыты» ірі вагон құймасы кәсіпорны монтаждау және ішкі құрылысын аяқтады. 2014 жылы ҚТЖ өзінің ішкі ресурсы есебінен осы өнім түрімен темір жол саласын толығымен қамтитын болады.
Компания алға қойылған басқа да тапсырмаларды тыңғылықты жүзеге асыру үшін мамандардың сапасын жақсартуда. 2013 жылдың алғашқы жартысында ҚТЖ-ның 70 000 еңбеккері оқыса, 8200-і кәсіби біліктілігін көтерді. Биылғы жыл аяғына дейін тағы да 80000 адамды оқыту жоспарланып отыр. Ұжымның әлеуметтік қорғалуына Ұжымдық шарт негізінде кепілдік беріледі. 
Осындай үлкен жетістіктерге жеткен теміржолшы қауымның әлеуметтік жағдайы да назардан тыс қалған емес. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еңбеккерлеріне арналған тұрғын үй кешені құрылысы 2012 жылы басталды. Бүгін оның 1-ші кезегі пайдалануға берілді. Үйдің 2-ші кезегіндегі 441 пәтер 2014 жылдың бірінші жартысында пайдалануға беріледі. Жалпы шағын ауданда теміржолшылардың 1029 отбасы қамтылатын болады. Тұрғын үй кешенінің жалпы аумағы 99 000 шаршы метрді құраса, оның 78 000 шаршы метрі пәтер иелерінің құзырындағы тұрғын аумағы болып саналады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ тұрғын үй саясаты елордасында ғана жүзеге асырылып жатқан жоқ. Әлеуметтік аса маңызды саладағы басымдықтар аймақтарға берілген. Мәселен, құрылысы жүргізіліп жатқан Жезқазған- Бейнеу темір жол желісінің бойындағы станциялар мен жол айырықтарынан жаңадан 1482 жайлы пәтер салынады. Жаңадан салынып жатқан Арқалық-Шұбаркөл темір жолы телімінің бойынан 157 еңбеккер үйлі болады. 2008-2012 жылдары үш мың теміржолшы пәтерлі болған еді.
Бүгінгі таңда темір жол көлігі Қазақстан Республикасының өндірістік инфрақұрылымының маңызды бөлшегі болып табылады. Қазақстанның географиялық орналасуы (теңізге шығу мүмкіндігі болмауы, су кемелері жүретін өзендер болмауы) территориясының кеңдігі, өндірістің шикізаттық құрылымы, автокөлік саласының инфрақұрылымының төмендігі темір жол көлігінің маңыздылығын арттыра түседі.
Қазақстанның теміржол саласы экономиканың дамушы секторы. Соңғы кездері өндірістік және техникалық әлеуеті өсіп келеді. Бұл салада 160 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған.

Нұрсерік ЖОЛБАРЫС

Бөлісу: