Елімізде республикалық жас тарихшылар қауымдастығы заңды тіркеуден өтті

2 Тамыз 2013, 08:41

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісіне қатысқан Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысынан соң қандай шаралар қолға алынғанын хабарлай келе, елімізде респубикалық жас тарихшылар қауымдастығының құрылғанын мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  «29 шілде күні «Республикалық жас тарихшылар қауымдастығы» заңнамалық тіркеуден өтті. Ол қауымдастықтың міндеті жас ғалымдардың зерттеу жұмыстарын үйлестіру», - деп хабарлады Бүркітбай Аяған.  Институт директоры «Халық тарих толқынында» бағдарламасы да жан-жақты талқыланып жатқанын хабарлады.  «Мемлекет тарихы институтында «Халық тарих толқынында» бағдарламасы жобасын талқылауға байланысты 2 ғылыми семинар өтті. Онда Отан тарихының ерте, орта, жаңа және қазіргі заман кезеңдері көрініс тапты», - деді ол өз сөзінде. Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісіне қатысқан Мемлекет тарихы институтының директоры Бүркітбай Аяған ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысынан соң қандай шаралар қолға алынғанын хабарлай келе, елімізде респубикалық жас тарихшылар қауымдастығының құрылғанын мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«29 шілде күні «Республикалық жас тарихшылар қауымдастығы» заңнамалық тіркеуден өтті. Ол қауымдастықтың міндеті жас ғалымдардың зерттеу жұмыстарын үйлестіру», - деп хабарлады Бүркітбай Аяған. 

Институт директоры «Халық тарих толқынында» бағдарламасы да жан-жақты талқыланып жатқанын хабарлады. 

«Мемлекет тарихы институтында «Халық тарих толқынында» бағдарламасы жобасын талқылауға байланысты 2 ғылыми семинар өтті. Онда Отан тарихының ерте, орта, жаңа және қазіргі заман кезеңдері көрініс тапты», - деді ол өз сөзінде.

Кенжекей ТОҚТАМҰРАТ
Бөлісу: