Қазақстан тарихы пәні бойынша хрестоматия шығарылады - Ж.Әбілқожин

2 Тамыз 2013, 08:34

Қазақстан тарихының екі базалық оқулығымен қатар елімізде тарих пәні бойынша көрнекі деректер келтірілген хрестоматия шығару көзделуде. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Жұлдызбек Әбілқожин хабарлады. Оның айтуына қарағанда, хрестоматия дайындау жұмысы басталып кеткен, ол жаңа Қазақстан тарихының оқуылықтарымен бірге дайын болады. «Хрестоматия тарихи құжаттар мен суреттерден құралады. Қазір ғалымдар Ұлыбритания, Түркия, Қытай, Иран, Ресей және басқа да елдердің мұрағаттарында деректермен жұмыс істеуде. Жаңа деректер Қазақстанның көне дәуірдегі, ортағасырлық және жалпы тарихының аясын кеңейтеді», - деп санайды Ж.Әбілқожин. Сондай-ақ ол, таяуда Оксфорд кітапханасында ортағасырлық кезеңге қатысты бұрын жарияланбаған қызықты суреттер табылғанын атап өтті. «Осылардың барлығы біздің тарих ғылымымызды байыта түседі. Болашақта шетелдерден жаңа деректер іздеу үшін көп экспедициялар аттанады. Бұл да тарихи сананың дамуына үлкен ықпал етпек», - деп отыр тарихшы. Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 5 маусымында Астанада ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерттеу бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті.  Мемлекеттік хатшы банядамасында тарихшыларға нақты тапсырмалар беріп, талқыланған тақырыптың негізгі тұстарын айқындаған болатын. Тапсырмалардың бірі - Көне дәуірдегі Қазақстан мен Қазақстанның жаңаша тарихы бойынша екі оқулық дайындау болатын.

Қазақстан тарихының екі базалық оқулығымен қатар елімізде тарих пәні бойынша көрнекі деректер келтірілген хрестоматия шығару көзделуде. Бұл туралы BNews.kz тілшісіне Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Жұлдызбек Әбілқожин хабарлады.

Оның айтуына қарағанда, хрестоматия дайындау жұмысы басталып кеткен, ол жаңа Қазақстан тарихының оқуылықтарымен бірге дайын болады.

«Хрестоматия тарихи құжаттар мен суреттерден құралады. Қазір ғалымдар Ұлыбритания, Түркия, Қытай, Иран, Ресей және басқа да елдердің мұрағаттарында деректермен жұмыс істеуде. Жаңа деректер Қазақстанның көне дәуірдегі, ортағасырлық және жалпы тарихының аясын кеңейтеді», - деп санайды Ж.Әбілқожин.

Сондай-ақ ол, таяуда Оксфорд кітапханасында ортағасырлық кезеңге қатысты бұрын жарияланбаған қызықты суреттер табылғанын атап өтті.

«Осылардың барлығы біздің тарих ғылымымызды байыта түседі. Болашақта шетелдерден жаңа деректер іздеу үшін көп экспедициялар аттанады. Бұл да тарихи сананың дамуына үлкен ықпал етпек», - деп отыр тарихшы.

Естеріңізге сала кетсек, ағымдағы жылдың 5 маусымында Астанада ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Қазақстан Республикасының ұлттық тарихын зерттеу бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысы өтті. 

Мемлекеттік хатшы банядамасында тарихшыларға нақты тапсырмалар беріп, талқыланған тақырыптың негізгі тұстарын айқындаған болатын. Тапсырмалардың бірі - Көне дәуірдегі Қазақстан мен Қазақстанның жаңаша тарихы бойынша екі оқулық дайындау болатын.

Бөлісу: