Қытайда Шыңғыс ханның алып ескерткіші орнатылды

2 Тамыз 2013, 06:35

Қытайдың Жилин провинциясындағы Сұңяң деп аталатын қалада Шыңғысханның әлемдегі ең биік мүсіні орнатылды, деп жазады zhoshy.com сайты. «Ұлы қағанның тік тұрған бейнесі тұлғаланған бұл мүсіннің биіктігі 22 метр, ені 4 метр болмақ», деп көрсетілген жазбада. Сол қолын жоғары көтеріп, оң қолымен семсерін ұстаған Шыңғыс хан алыс көкжиекке қадап тұрған алып ескерткіші енді қытайда бой түземек. Жоба жетекшілерінің бірі Жаң: «Негізгі жұмыстың бәрі аяқталды, енді тек бет бөлімін жөндеу жұмыстары ғана қалды» дейді. 60 тонна қола жұмсалған бұл әйгілі мүсін «Шыңғысхан мәдениет саябағы» деп аталатын үлкен саябақтың төріне орналасқан. Дәл осындай алып ескерткіш Моңғолияның астанасы Ұланбатырдан 25 шақырым жердегі төбеге орнатылған. Оны елдегі ірі кәсіпкер, бұрынғы депутат Баттұлға өз қаржысына салдырған. 250 тонна таза болаттан құйылған, биіктігі 40 метр ескерткіште Шыңғыс хан аты үстінде бейнеленген. bnews.kz

Қытайдың Жилин провинциясындағы Сұңяң деп аталатын қалада Шыңғысханның әлемдегі ең биік мүсіні орнатылды, деп жазады zhoshy.com сайты.

«Ұлы қағанның тік тұрған бейнесі тұлғаланған бұл мүсіннің биіктігі 22 метр, ені 4 метр болмақ», деп көрсетілген жазбада.

Сол қолын жоғары көтеріп, оң қолымен семсерін ұстаған Шыңғыс хан алыс көкжиекке қадап тұрған алып ескерткіші енді қытайда бой түземек.

Жоба жетекшілерінің бірі Жаң: «Негізгі жұмыстың бәрі аяқталды, енді тек бет бөлімін жөндеу жұмыстары ғана қалды» дейді.

60 тонна қола жұмсалған бұл әйгілі мүсін «Шыңғысхан мәдениет саябағы» деп аталатын үлкен саябақтың төріне орналасқан.

Дәл осындай алып ескерткіш Моңғолияның астанасы Ұланбатырдан 25 шақырым жердегі төбеге орнатылған. Оны елдегі ірі кәсіпкер, бұрынғы депутат Баттұлға өз қаржысына салдырған. 250 тонна таза болаттан құйылған, биіктігі 40 метр ескерткіште Шыңғыс хан аты үстінде бейнеленген.

bnews.kz

Бөлісу: