2 Тамыз 2013, 04:36
Павлодар облысының барлық аудандарында шығыс құжаттары жүз пайыз мемлекеттік тілде жүргізіледі.
Басқарма тарапынан өткізілген тексерістер барысында аудандарда шығыс құжаттарының барлығы қазақ тілінде тіркелгені анықталған.
«Облыста қазақ тіліне деген көзқарастың дұрыс жолға түсіп келе жатқаны байқалады. Мемлекеттік тілді меңгеруге ниет білдіргендердің де қатары көбейіп келеді. Облыстың 7 мыңнан астам тұрғыны тілдер курсын аяқтады», - деді Қ. Еділбай.
Оның айтуынша, тіл заңнамасының орындалуын қадағалау мақсатында Ақтоғай, Май, Шарбақты, Успен аудандарының 55 мемлекеттік мекемесінде жоспарлы тексеріс жұмыстары жүргізіліп, Екібастұз қаласы мен Баянауыл ауданында аудармашылар мен іс жүргізуші мамандарға арналған семинарлар ұйымдастырылған.
Бүгінгі таңда өңірде мемлекеттік тілде тәлім-тәрбие беретін 47 балабақша, 155 мектеп жұмыс істейді - деп хабарлады baq.kz