Уругвай парламентінің төменгі палатасы марихуананы сатуды заңдастыратын заң жобасын мақұлдады. Егер де заңды жоғары палата қолдаса, онда Уругвай есірткінің бұл түрін заңды өсіріп, сатып және пайдаланатын әлемде бірінші мемлекет болмақ.
Заң жобасы 13 сағатқа созылған қызу пікірсайыстан кейін мақұлданды - деп хабарлады ҚазАқпарат.
Бұл құжатқа сәйкес, 18 жастан үлкен уругвайлықтарға айына 40 граммға дейін аталған есірткі затын сатып алуға мүміндік болады.
Бұл елде марихуананы заңдастыру есірткі саудалаушылардың ықпалын төмендетеді деген пікір айтылуда. Алайда жаңа заң жобаның қарсыластары билік отпен ойнап отыр дегенді алға тартуда.