Азия чемпионаты жеңіспен басталды

2 Тамыз 2013, 04:03

Қазақстанның баскетболдан ерлер құрамасы Филиппинде басталған Азия чемпионатының бірінші матчында Тайландты ұтты. Ойын басталысымен-ақ, қазақстандық баскетболшылардың қарсыластарынан басымдылығы байқалды. Сарапшылар жарыс басталғанға дейін Маттео Боничиолли командасы бұл кездесуде жақсы ойын көрсетеді деген сенімде болған еді. Кездесудің алғашқы жартысы 42:33 есебімен қазақстандықтардың пайдасына шешілді. Жарыстың үшінші және төртінші бөлігінде Тайланд құрамасы есепті  теңестіруге тырысқанымен нәтиже шығара алмады. Боничиолли құрамасы тізе бүкті (81:67).Қазақстандық спортшылар топтық кезеңде келесі кездесуді Бахрейнмен өткізеді - деп хабарлады.  ҚазАқпарат

Қазақстанның баскетболдан ерлер құрамасы Филиппинде басталған Азия чемпионатының бірінші матчында Тайландты ұтты.

Ойын басталысымен-ақ, қазақстандық баскетболшылардың қарсыластарынан басымдылығы байқалды. Сарапшылар жарыс басталғанға дейін Маттео Боничиолли командасы бұл кездесуде жақсы ойын көрсетеді деген сенімде болған еді.

Кездесудің алғашқы жартысы 42:33 есебімен қазақстандықтардың пайдасына шешілді. Жарыстың үшінші және төртінші бөлігінде Тайланд құрамасы есепті  теңестіруге тырысқанымен нәтиже шығара алмады. Боничиолли құрамасы тізе бүкті (81:67).Қазақстандық спортшылар топтық кезеңде келесі кездесуді Бахрейнмен өткізеді - деп хабарлады.

 ҚазАқпарат

Бөлісу: