2 Тамыз 2013, 03:44
Футболдан «Ақтөбе» командасы кеше, Еуропа лигасы үшінші іріктеу кезеңінің алғашқы ойынында исландиялық «Брейдаблик» клубын қабылдады.
Ойын барысында «Ақтөбе» басымдық танытқанымен соңғы минутқа дейін гол соға алмады. Қарсыластар қорғаныста өте мықты ойнады. Тек 90 минутта Гейнрих айып алаңына кіргенде исландиялық қорғаушылар ойын тәртібін бұзды. Төреші бірден пенальти нүктесін белгіледі. Ал Марат Хайруллин он бір метрлік айып добын мүлтіксіз орындады. Осылайша, біздің жігіттер өз алаңында бір доп айырмашылығымен жеңіске жетті, деп хабарлайды «Аламан».