Кувейт әміршісі өзіне тіл тигізгендерге Рамазанның құрметіне кешірім жасады

2 Тамыз 2013, 03:23

Кувейт әміршісі шейх Сабах әл-Ахмет әл-Жабер ас-Сабах өзіне тіл тигізген адамға рақымшылық ету туралы құжатқа қол қойды. Сейсенбіде Рамазан айының соңғы он күндігіне орай сөйлеген сөзінде ол қасиетті айдың құрметі үшін осындай қадамға барғанын жеткізді. Бүгінгі таңда оппозиция өкілдерінің көбісі темір тордың ар жағында отыр. Олардың он шақтысы әміршіге тіл тигізгені үшін қамалған. Бір қызығы, абақтыға осындай себеппен жабылғандардың арасында екі әйел бар. Олардың біреуі 11 жылға бас бостандығынан айырылса, екіншісі 20 ай түрмеде отыру жазасына кесілген болатын. Әзірге олар түрмеден шыға қойған жоқ. Сондай-ақ, әлі ақыл тоқтата қоймаған үш жас белсенді де әміршіге тіл тигізгені үшін темір тордың ар жағында жатыр. Оппозиция өкілдерінің бәріне бірдей рақымшылық жариялана ма, әлде бұл абақтыға жабылғандарға ғана қатысты ма, ол жағы әзірге белгісіз. Muslim.kz сайтының жазуынша, адам құқығын қорғаушылардың сөзіне қарағанда, әміршіге қарсы әрекет еткендердің бәрі бірдей рақымшылыққа іліге қоймайды. Адам құқығы жөніндегі кувейттік қоғамның директоры Мұхаммед Хумейди «Твиттер» әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында Жоғарғы сатыдағы соттардың немесе Жоғарғы соттың өкімімен жазаға кесілгендер ғана рақымшылыққа ілігетінін жазыпты. Әмірші өз сөзінде көршілес елдердегі жағдайды ескере отырып, оның алдын-алуға қамданатынын тілге тиек етті. ҚазАқпарат.

Кувейт әміршісі шейх Сабах әл-Ахмет әл-Жабер ас-Сабах өзіне тіл тигізген адамға рақымшылық ету туралы құжатқа қол қойды.

Сейсенбіде Рамазан айының соңғы он күндігіне орай сөйлеген сөзінде ол қасиетті айдың құрметі үшін осындай қадамға барғанын жеткізді.

Бүгінгі таңда оппозиция өкілдерінің көбісі темір тордың ар жағында отыр. Олардың он шақтысы әміршіге тіл тигізгені үшін қамалған. Бір қызығы, абақтыға осындай себеппен жабылғандардың арасында екі әйел бар. Олардың біреуі 11 жылға бас бостандығынан айырылса, екіншісі 20 ай түрмеде отыру жазасына кесілген болатын. Әзірге олар түрмеден шыға қойған жоқ.

Сондай-ақ, әлі ақыл тоқтата қоймаған үш жас белсенді де әміршіге тіл тигізгені үшін темір тордың ар жағында жатыр. Оппозиция өкілдерінің бәріне бірдей рақымшылық жариялана ма, әлде бұл абақтыға жабылғандарға ғана қатысты ма, ол жағы әзірге белгісіз.

Muslim.kz сайтының жазуынша, адам құқығын қорғаушылардың сөзіне қарағанда, әміршіге қарсы әрекет еткендердің бәрі бірдей рақымшылыққа іліге қоймайды. Адам құқығы жөніндегі кувейттік қоғамның директоры Мұхаммед Хумейди «Твиттер» әлеуметтік желісіндегі өзінің парақшасында Жоғарғы сатыдағы соттардың немесе Жоғарғы соттың өкімімен жазаға кесілгендер ғана рақымшылыққа ілігетінін жазыпты.

Әмірші өз сөзінде көршілес елдердегі жағдайды ескере отырып, оның алдын-алуға қамданатынын тілге тиек етті.

ҚазАқпарат.

Бөлісу: