Аты аңызға айналған фильм "Тақиялы періште"

1 Тамыз 2013, 10:22

Біртуар режиссер Шәкен Айманов тамаша көңіл-күй сыйлап қана қоймай, қызықты сюжетімен есте қалатын ерекше – «Тақиялы періште» атты фильмін 1968 жылы жарыққа шығарды. Киноның негізгі мазмұны –  ауылдан қалаға келген Тана ана, баласы Тайлақтың бойдақтығына төзбей, «ер бала жалғыз тұра алмайды, оның қасында қолдаушы – анасы, және сүйікті әйелі болу керек» деп қала ішінде келін іздеп, баласына жеңгетай болады. Фильмде Әмина Өмірзақова, Бикен Римова, Бибігұл Төлегенова, Ермек Серкебаев, Али Исмаилов, Шолпан Алтайбаева, Раиса Лунева, Юрий Саранцев, Мұрат Ахмадиев сынды атақты әртістер өз рөлдерін шебер сомдаған. Ал басты кейіпкер Тайлақ рөлін сомдаған Әлімғазы Райымбеков кәсіби әртіс емес. Ол облыстық колхоздардың бірінде механизатор болып қызмет атқарған қарапайым шаруа болатын. Фильм барысында 60-жылдардағы Алматы қаласын, сол кездегі жастардың болмысын көрумен қатар, Александр Зацепиннің «Ты куда, Одиссей?!» әні мен Ермек Серкебаевтың орындауындағы бірқатар әндерді тыңдауға болады. Киноның қызықты сәттеріне келетін болсақ, туындының түсірілім жұмыстары сәуір айында басталған, ал дәл сол кезде Алматы қаласында қар еріп, киноның жартысын Свердловск қаласында түсіруге тура келді. Және ең бастысы, «Тақиялы періште» киносы жарыққа шыққан соң, ауылдан қалаға келетін қазақ жастарының саны едәуір өскендігі байқалғанды. Ал енді киноның мазмұнына келетін болсақ, Тайлақ Айша есімді қызбен танысып, сөз жарастырып жүреді. Мұны біліп қойған «Тақиялы періштенің» анасы олардың бірге болуына қарсы болады, себеп – Айшаның әкесі Тайыр кезінде Тана апаға сөз салып, уәдесінде тұрмағандығы анықталады. Жылдар өтсе де, жаңағы Тайырға өкпелі Тана апамыз баласының сүйіктісімен бас қосуына наразылық білдіріп, қалыңдық іздеу жұмыстарын жалғастырады. Ал Тайлақтың қалыңдығы болуды армайдайтын қыздар жоқ емес, бар еді. Алтыншаш есімді сыра сатушы Тайлақты өзіне қарату мақсатында неше түрлі амалдарды жасайды. Кино соңында анасы «періштесі» мен оның таңдаған жан жарына өз батасын беріп, ауылына қайтады. Фильм ұлан-асыр тоймен аяқталады. Қазақ киносының көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтың осы бір аты аңызға айналған комедиясы талай көрерменнің жүрегінен орын алып, әлі күнге дейін көпшіліктің ерекше ықыласына бөленуде. Актриса Әмина Өмірзақова қазақ киносының анасы! Ол өзінің бір естелігінде: «Киноөнеріндегі алғашқы қадамдарымнан кейін, күндердің бірінде Шәкен әзілдей тұрып, мен үшін комедиялық рөл жазылып жатқанын айтты. Содан кейін ешқандай ойын-қалжыңсыз «Тақиялы періштенің» сценарийімен танысып шығуға ұсынды. Бұл мені қуантты, әрі қобалжытты, өйткені комедиялық рөлде ойнап көрмеп едім. Шәкең көңілімді демеп, «сен сан алуан типаждар жасауға жаралғансың» деп күлді».

Біртуар режиссер Шәкен Айманов тамаша көңіл-күй сыйлап қана қоймай, қызықты сюжетімен есте қалатын ерекше – «Тақиялы періште» атты фильмін 1968 жылы жарыққа шығарды. Киноның негізгі мазмұны –  ауылдан қалаға келген Тана ана, баласы Тайлақтың бойдақтығына төзбей, «ер бала жалғыз тұра алмайды, оның қасында қолдаушы – анасы, және сүйікті әйелі болу керек» деп қала ішінде келін іздеп, баласына жеңгетай болады.

Фильмде Әмина Өмірзақова, Бикен Римова, Бибігұл Төлегенова, Ермек Серкебаев, Али Исмаилов, Шолпан Алтайбаева, Раиса Лунева, Юрий Саранцев, Мұрат Ахмадиев сынды атақты әртістер өз рөлдерін шебер сомдаған. Ал басты кейіпкер Тайлақ рөлін сомдаған Әлімғазы Райымбеков кәсіби әртіс емес. Ол облыстық колхоздардың бірінде механизатор болып қызмет атқарған қарапайым шаруа болатын.

Фильм барысында 60-жылдардағы Алматы қаласын, сол кездегі жастардың болмысын көрумен қатар, Александр Зацепиннің «Ты куда, Одиссей?!» әні мен Ермек Серкебаевтың орындауындағы бірқатар әндерді тыңдауға болады.

Киноның қызықты сәттеріне келетін болсақ, туындының түсірілім жұмыстары сәуір айында басталған, ал дәл сол кезде Алматы қаласында қар еріп, киноның жартысын Свердловск қаласында түсіруге тура келді. Және ең бастысы, «Тақиялы періште» киносы жарыққа шыққан соң, ауылдан қалаға келетін қазақ жастарының саны едәуір өскендігі байқалғанды.

Ал енді киноның мазмұнына келетін болсақ, Тайлақ Айша есімді қызбен танысып, сөз жарастырып жүреді. Мұны біліп қойған «Тақиялы періштенің» анасы олардың бірге болуына қарсы болады, себеп – Айшаның әкесі Тайыр кезінде Тана апаға сөз салып, уәдесінде тұрмағандығы анықталады. Жылдар өтсе де, жаңағы Тайырға өкпелі Тана апамыз баласының сүйіктісімен бас қосуына наразылық білдіріп, қалыңдық іздеу жұмыстарын жалғастырады. Ал Тайлақтың қалыңдығы болуды армайдайтын қыздар жоқ емес, бар еді. Алтыншаш есімді сыра сатушы Тайлақты өзіне қарату мақсатында неше түрлі амалдарды жасайды. Кино соңында анасы «періштесі» мен оның таңдаған жан жарына өз батасын беріп, ауылына қайтады. Фильм ұлан-асыр тоймен аяқталады.

Қазақ киносының көрнекті қайраткері Шәкен Аймановтың осы бір аты аңызға айналған комедиясы талай көрерменнің жүрегінен орын алып, әлі күнге дейін көпшіліктің ерекше ықыласына бөленуде.

Актриса Әмина Өмірзақова қазақ киносының анасы! Ол өзінің бір естелігінде: «Киноөнеріндегі алғашқы қадамдарымнан кейін, күндердің бірінде Шәкен әзілдей тұрып, мен үшін комедиялық рөл жазылып жатқанын айтты. Содан кейін ешқандай ойын-қалжыңсыз «Тақиялы періштенің» сценарийімен танысып шығуға ұсынды. Бұл мені қуантты, әрі қобалжытты, өйткені комедиялық рөлде ойнап көрмеп едім. Шәкең көңілімді демеп, «сен сан алуан типаждар жасауға жаралғансың» деп күлді».

Бөлісу: