1 Тамыз 2013, 05:42
Мексикалық аспазшылар Латын Америкасындағы ең үлкен сэндвич жасап, әлемдік рекорд орнатты.
Дайындалған ұлттық тағамның салмағы – 750 келі. Ал ұзындығы – 58 метр. Мұндай жетістік Мехико қаласында сэндвичке арналған жәрмеңкеде жария етілді. Оның үстіне шебер аспазшылар оны 3 минут 58 секундта дайындаған. Былтырғы жоғары көрсеткіш 52 метр болған. Рекорд сәтті орнатылған соң жиналғандар кесілген дәмді тағамды тойғандарынша армансыз жеді. Бірақ үлкен асты тауыса алмай, 4,5 мың кесік сэндвич артығымен қалып, ұйымдастырушылар оларды интернаттағы балалар мен мұқтаж адамдарға таратып берді.