10 озат оқушыға Назарбаев шәкіртақысы тағайындалды

1 Тамыз 2013, 04:12

Бүгін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің шәкіртақысы – Назарбаев шәкіртақысын тағайындауға магистранттарды іріктеу бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі конкурстық комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі.  «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының мүшесі Н.Ә. Назарбаевтың ай сайынғы шәкіртақы қоры тағайындайтын Назарбаев шәкіртақысы еліміздегі маңдайалды жоғары оқу орындарының 10 магистрантына табысталады», - деп көрсетілген хабарламада. Шәкіртақы «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанған оқу үлгерімі үздік, ғылыми зерттеу жұмысымен айналысып, жоғары оқу орнының, қаланың, еліміздің қоғамдық қызметіне белсенді араласатын магистранттарына тағайындалады. ҚР БҒМ бұйрығына сәйкес, жоғары оқу орындары екінші жыл оқып жүрген магистранттардың үміткерлер тізімін ұсынды. Жоғары оқу орындары ғылыми кеңесі шешімінің негізінде конкурстық комиссияның жұмыс тобы ұлттық жоғары оқу орындарының 50 магистранттарының тізімін қарастырып шықты. Комиссияның конкурстық талаптары бойынша Назарбаев шәкіртақысының жоғары талаптарына сәйкес келетін 10 магистрантты таңдап алды. Барлық үміткерлердің оқу үлгерімі жоғары – 4,0 (GPA). Назарбаев шәкіртақысы осымен үшінші жыл тағайындалуда. Жыл сайын үміткерлер саны артуда. Бірінші жылы конукурсқа 14 магистрант қатысты, екінші жылы 28 магистрант өз бақтарын сынаған. 2013-2014 жылы еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының 50 магистранты ұсынылды.  BNEWS

Бүгін Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің шәкіртақысы – Назарбаев шәкіртақысын тағайындауға магистранттарды іріктеу бойынша Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі конкурстық комиссиясының отырысы өтті, деп хабарлайды ведомство баспасөз қызметі. 

«Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының мүшесі Н.Ә. Назарбаевтың ай сайынғы шәкіртақы қоры тағайындайтын Назарбаев шәкіртақысы еліміздегі маңдайалды жоғары оқу орындарының 10 магистрантына табысталады», - деп көрсетілген хабарламада.

Шәкіртақы «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атанған оқу үлгерімі үздік, ғылыми зерттеу жұмысымен айналысып, жоғары оқу орнының, қаланың, еліміздің қоғамдық қызметіне белсенді араласатын магистранттарына тағайындалады.

ҚР БҒМ бұйрығына сәйкес, жоғары оқу орындары екінші жыл оқып жүрген магистранттардың үміткерлер тізімін ұсынды. Жоғары оқу орындары ғылыми кеңесі шешімінің негізінде конкурстық комиссияның жұмыс тобы ұлттық жоғары оқу орындарының 50 магистранттарының тізімін қарастырып шықты.

Комиссияның конкурстық талаптары бойынша Назарбаев шәкіртақысының жоғары талаптарына сәйкес келетін 10 магистрантты таңдап алды. Барлық үміткерлердің оқу үлгерімі жоғары – 4,0 (GPA).

Назарбаев шәкіртақысы осымен үшінші жыл тағайындалуда. Жыл сайын үміткерлер саны артуда. Бірінші жылы конукурсқа 14 магистрант қатысты, екінші жылы 28 магистрант өз бақтарын сынаған. 2013-2014 жылы еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының 50 магистранты ұсынылды. 

BNEWS

Бөлісу: