«Шахтер» командасының кезегі жеңісінен кейін Қазақстан УЕФА рейтингінде 35 орынға көтерілді, деп хабарлайды аlaman.kz.
«Шахтер», «Ақтөбе», «Ертіс» командаларының арқасында Қазақстан осы маусымда 2,500 ұпай жинады. Қазақстан осы маусым алдында 40 орында тұрған еді. Осылайша, Қазақстан Финляндия, Исландия, Латвия, Черногория, Ирландия, Уэльс елдерін артқа тастады.
Егер «Шахтер» Чемпиондар лигасына, «Ақтөбе» Еуропа лигасының топтық кезеңіне шықса, бізге тағы да төрт ұпай бонус беріледі. Ол кезде біздің ел 27 орынға дейін көтерілуі мүмкін.