Қазақстанның түкпір-түкпірінен жүздеген оқушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған «Отанымыздың елордасы - Астананы зерттейміз» республикалық өлкетану жобасына қатысуда. Бұл туралы astana.kz сайтынан хабарланды.
Аталмыш жобаның мақсаты - Отанымыздың астанасының құрылуы мен даму тарихын зерттеу арқылы Қазақстан Республикасының болашақ азаматының тұлғасын қалыптастыру және тәрбиелеу. Қазіргі уақытта Алматы облысынан 22 оқушы жазғы демалыстарын елордада өткізді. Олар ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайында, «Астана - Бәйтерек» монументінде, Тәуелсіздік сарайында, Бейбітшілік және келісім сарайында, Президенттік мәдениет орталығы жанындағы мұражайда, «Атамекен» этно-мемориалдық кешенінде, Астана қаласы Оқушылар сарайының интерактивті паркінде болды. Сондай-ақ, жас меймандар катермен Есіл өзеніне экскурсияға шықты.
Экскурсия соңында оқушылар ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловпен кездесті.
Жоба аясында республикамыздың түкпір-түкпірінен келген 1200 бала жазғы демалыстарын Астанада өткізетін болады. Өлкетану жобасының барлық қатысушыларына сертификаттар табыс етіледі.