31 Шілде 2013, 04:50
Ыстықкөлде 23 пен 27 тамыз аралығында өтетін Төртінші Авторлық кино Фестиваліне үш қазақстандық кино қатысатын болды, деп хабарлайды tengrinews.kz.
Фестивальде режиссер Мадияр Қасымовтың "Қарапайым оқиға" мен "Визит мамы", Әділхан Ержанов «Құрылысшылар» картинасы және Шәріп Оразбаевтың «Бастау» қысқаметражды фильмі көрермендер назарына ұсынылады.
Жыл сайынғы Авторлық кино Фестивалі – бұл киноны өнер туындысы ретінде қарастырып, байқаудан тыс форум форматында өтетін бірегей шара.
Фестиваль барысында Тәжікстан, Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстан режиссерлерінің фильмдері көрсетіледі. Ал шараның ашылуы күні тек қырғызстандық режиссерлердің фильмдерінің көрсетілімі өтеді.
baq.kz