Мадонна "құпия жобасының" екінші трейлерін жарыққа шығарды деп жазады apelzin.ru. Поп-патшайымы Стивен Кляйнмен бірігіп, тың дүние жасау үстінде.
Бейнероликтен модель жігіттерді түсірген Мадонна: "Мен адамдардың күн өткен сайын бір-бірінен қорқатынын түсініп келемін. Олар алға жылжыған уақытпен бірге сабырлылықтарын да жоғалтып барады" дейді.
Әзірге әртістің нақты қандай жобаны қолға алғаны белгісіз. Тек бір белгілісі, ол #secretproject хэштегімен Твиттердегі парақшасында тыңдармандарының қызығушылығын оятуда.
Белгілі фотограф Стивен Кляйн бұған дейін де Мадоннамен әріптестік байланыста болып, Confessions және Sticky & Sweet турларын ұйымдастыруға көмектескен болатын. Сондай-ақ, ол Леди Гаганың Alejandro, Рианнаның Armani брендіне арналған жарнама роликтерін түсірді.
Мақпал ЖҰМАШОВА.