Б. Тұрмышева: Оқулықтар түсінікті болуы тиіс

31 Шілде 2013, 03:47

Оқулықтар балаларға түсінікті болуы тиіс. BNews.kz тілшісіне Ақтөбе облыстық оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Ботагөз Тұрмышева осылай мәлімдеген.  «Жасөсіпірімдер тархқа қызыға бермейді, өйткені бұл пәннің оқулықтарын түсіну қиындау. Осы мәселе бойынша ұзақ уақыт пікірталас өткізіліп келеді. Авторлардың деңгейі көтерілгенімен олардың еңбектері оқу орындарындағы дәріс көшірмесі секілді», - деп отыр Ботагөз Тұрмышева. Сонымен бірге, әр сынып үшін тарих пәні оқулығына арналған оқу-әдістемелік кешендерде жоқ болып отырған көрінеді. «Мен электронды әдістемелік қосымша, жаттығу дәптерлерін айтып отырмын. Қазіргі ұрпақтың басқаша екенін ескеріп, оларға арналған компьютерлік мүмкіндіктерді қолдануымыз керек», - деп санайды әдіскер.  BNEWS

Оқулықтар балаларға түсінікті болуы тиіс. BNews.kz тілшісіне Ақтөбе облыстық оқу-әдістемелік орталығының әдіскері Ботагөз Тұрмышева осылай мәлімдеген. 

«Жасөсіпірімдер тархқа қызыға бермейді, өйткені бұл пәннің оқулықтарын түсіну қиындау. Осы мәселе бойынша ұзақ уақыт пікірталас өткізіліп келеді. Авторлардың деңгейі көтерілгенімен олардың еңбектері оқу орындарындағы дәріс көшірмесі секілді», - деп отыр Ботагөз Тұрмышева.
Сонымен бірге, әр сынып үшін тарих пәні оқулығына арналған оқу-әдістемелік кешендерде жоқ болып отырған көрінеді.
«Мен электронды әдістемелік қосымша, жаттығу дәптерлерін айтып отырмын. Қазіргі ұрпақтың басқаша екенін ескеріп, оларға арналған компьютерлік мүмкіндіктерді қолдануымыз керек», - деп санайды әдіскер. 

BNEWS

Бөлісу: