Forbes журналының нұсқауы бойынша, Анджелина Джоли Голливудтың ең бай актрисасы деп танылды.
2012 жылдың маусымы мен 2013 жылдың маусымы аралығында Джоли 33 млн доллар табыс тапқан. Бұл табысының басым бөлігін актрисаның «Малефисента» фильміне түскені үшін төленген қаламақысы құрайды. Картина 2014 жылдың көктемінде шығады деп жоспарланған. Осы фильмде сиқыршы әйелдің рөлін сомдағаны үшін Джолиге 15 млн доллар төленіпті.
Бұл тізімде екінші орынға Дженнифер Лоуренс жайғасты, оның өткен 12 айдағы табысы 26 миллион долларды құрады. Ақпан айында үздік әйел рөлін сомдағаны үшін Оскарға ие болған 22 жасар актрисаның табысы «Ашыққан ойындар» фильмінен кейін еселене түсті. Бюджеті 80 млн долларды құрайтын бұл фильм прокатта 690 млн доллар жинап берген болатын.
Былтырғы Forbes рейтингінде көш бастаған Кристен Стюарт бұл жолы үшінші орынды қанағат тұтты. Есептік кезеңде жинаған актрисаның табысы – 22 млн доллар, осыдан бір жыл бұрынғы табысынан 12,5 млн долларға кем.
Forbes нұсқауы бойынша, Голливудтың ең білікті актрисаларының алғашқы ондығы келесідей орналасты:
1. Анджелина Джоли (33 миллион доллар)
2. Дженнифер Лоуренс (26 миллион доллар)
3. Кристен Стюарт (22 миллион доллар)
4. Дженнифер Энистон (20 миллион доллар)
5. Эмма Стоун (16 миллион доллар)
6. Шарлиз Терон (15 миллион доллар)
7. Сандра Буллок (14 миллион доллар)
8. Натали Портман (14 миллион доллар)
9. Мила Кунис (11 миллион доллар)
10. Джулия Робертс (11 миллион доллар)
bnews.kz