Бүгін, 30 шілде қазақ футболының тарихындағы шешуші күндердің бірі.
«Шахтер» Астанада «Скендербеу» клубын қабылдайды. Бұл Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі алғашқы ойын.
«Шахтер» «Скендербеуден» басым түссе, Чемпиондар лигасының плей офф кезеңіне шықпақ. Егер плей офта ұтылып жатса да жоғалтарымыз аз. Бізге арман болған Еуропа лигасының топтық кезеңіне топ ете қалмақпыз.
Ал жеңілер болсақ, онда «Шахтер» Еуропа лигасының плей офф іріктеуіне өтеді. Міне, «Шахтердің» қазіргі мүмкіндігі осындай.
Букмерлік кеңселер алғашқы ойында «Шахтерді» фаворит санайды. Қарағандылықтардың жеңісіне 1, 45, тең ойынға 4,02, албандықтардың жеңісіне 8,34 коэффицент беріпті, деп жазады «Аламан».