Әлемдегі ең ұзын адамға өзгеше үй тұрғызылатын болды

30 Шілде 2013, 03:23

Түрік билігі әлемдегі әрі елдегі ең бойы ұзын адамға арнап тұрғын үй құрылысын жүргізуге бел байлап отыр. haber7.com басылымы хабарлағандай, үй бір айдың ішінде салынып бітеді. Хабарға қарағанда, 30 жастағы түрік азаматы Сұлтан Косен ендігі жерде өзіне арнайы салынған баспанада еркін жүріп-тұратын болады. Оның бойының ұзындығы -2 м 51 см; құлашы - 3 метрге жуық; ал алақанының жалпақтығы -28,5 см. Осыған байланысты ол жүріп-тұрғанда және өзіне шақ киім мен аяқ киім іздегенде қиналып қалады. Сол себепті, балдақпен қозғалатынын айта кету керек. Muslim.kz сайтының жазуынша, алдын-ала алынған мәліметке қарағанда, үйдің аумағы - 250 шаршы метр; еденнен бастап есептегенде оның биіктігі -3,5 метр болмақ. «Бұл үйді маған осыдан екі жыл бұрын салып бермек болып, уәде еткен еді. Қаржының жоқтығы қолбайлау болды. Десе де, «ештен кеш жақсы», - деді ол ағынан ақтарылып. ҚазАқпарат.

Түрік билігі әлемдегі әрі елдегі ең бойы ұзын адамға арнап тұрғын үй құрылысын жүргізуге бел байлап отыр. haber7.com басылымы хабарлағандай, үй бір айдың ішінде салынып бітеді.

Хабарға қарағанда, 30 жастағы түрік азаматы Сұлтан Косен ендігі жерде өзіне арнайы салынған баспанада еркін жүріп-тұратын болады. Оның бойының ұзындығы -2 м 51 см; құлашы - 3 метрге жуық; ал алақанының жалпақтығы -28,5 см. Осыған байланысты ол жүріп-тұрғанда және өзіне шақ киім мен аяқ киім іздегенде қиналып қалады. Сол себепті, балдақпен қозғалатынын айта кету керек.

Muslim.kz сайтының жазуынша, алдын-ала алынған мәліметке қарағанда, үйдің аумағы - 250 шаршы метр; еденнен бастап есептегенде оның биіктігі -3,5 метр болмақ.

«Бұл үйді маған осыдан екі жыл бұрын салып бермек болып, уәде еткен еді. Қаржының жоқтығы қолбайлау болды. Десе де, «ештен кеш жақсы», - деді ол ағынан ақтарылып.

ҚазАқпарат.

Бөлісу: