Семей өнерпаздары Испанияда әлемді өздеріне қаратты

29 Шілде 2013, 07:15

Семейдегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған балет мектебінің жас бишілері Испанияда өткен «Теңіз, күн, фестиваль» халықаралық байқауында жиналғандарды өз шеберліктерімен тәнті етіп, 3 алтын, 4 күміс, 4 қоланы иеленді.  Әлемнің және ТМД елдерінің түкпір – түкпірінен 70 – тен астам би ұжымдары қатысып, бақ сынаған халықаралық байқауда Қазақстанның намысын 22 семейлік жас балет бишісі қорғады. Олар классикалық балетті жеке партияларда, дуэт ретінде және хореографиялық топтық нөмірлерде орындады. Олар «Щелкунчик» балетінен «Гүл вальсі» мен «Корсар» балеттерін нақышына келтіре сомдаса, ұлттық билер бойынша қазақ және ирландия халықтарының билерін орындау барысында оларға тең келер ешкім болмады. Байқау қорытындысында семейлік жас өнерпаздар «Гүлдер биі» хореографиялық композициясы мен қазақ ұлттық билері үшін бірінші орынға лайық деп танылды. Айта кету керек, бұған дейін де аталмыш балет мектебінің тәрбиеленушілері Франция, Швейцария, Финляндия, Болгария, Латвия, Түркия, Ресей мен Қазақстанда өткен талай байқауларға қатысып, жеңімпаз атанған. Келесі жылы Татарстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Камилия Исмаилова жетекшілік ететін балет мектебі өзінің 20 – жылдық мерейтойын атап өтпек.  kazakhstanzaman.kz 

Семейдегі дарынды балаларға арналған мамандандырылған балет мектебінің жас бишілері Испанияда өткен «Теңіз, күн, фестиваль» халықаралық байқауында жиналғандарды өз шеберліктерімен тәнті етіп, 3 алтын, 4 күміс, 4 қоланы иеленді. 

Әлемнің және ТМД елдерінің түкпір – түкпірінен 70 – тен астам би ұжымдары қатысып, бақ сынаған халықаралық байқауда Қазақстанның намысын 22 семейлік жас балет бишісі қорғады. Олар классикалық балетті жеке партияларда, дуэт ретінде және хореографиялық топтық нөмірлерде орындады.

Олар «Щелкунчик» балетінен «Гүл вальсі» мен «Корсар» балеттерін нақышына келтіре сомдаса, ұлттық билер бойынша қазақ және ирландия халықтарының билерін орындау барысында оларға тең келер ешкім болмады.

Байқау қорытындысында семейлік жас өнерпаздар «Гүлдер биі» хореографиялық композициясы мен қазақ ұлттық билері үшін бірінші орынға лайық деп танылды. Айта кету керек, бұған дейін де аталмыш балет мектебінің тәрбиеленушілері Франция, Швейцария, Финляндия, Болгария, Латвия, Түркия, Ресей мен Қазақстанда өткен талай байқауларға қатысып, жеңімпаз атанған.

Келесі жылы Татарстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Камилия Исмаилова жетекшілік ететін балет мектебі өзінің 20 – жылдық мерейтойын атап өтпек. 

kazakhstanzaman.kz 

Бөлісу: