29 Шілде 2013, 02:55
Ақтөбе қаласының әкімі Ерхан Омаров жастар ұйымдарының белсенділерімен кездесіп, өзінің студенттік шақтағы қиындықтары мен алғашқы махаббаты туралы да айтып берген. Бұл туралы «Мой город» ақпараттық порталы хабарлайды.
Әкім жастармен кездесуінде өзінің техникалық оқу орнында білім алғанын, ол жерде сызу пәнінен қиындық көргенін айтқан. Ол үнемі емтихандарға 1 түн қалғанда дайындалып, жақсы баға алып отырған. Тіпті, оқу орнын «жақсы» және «өте жақсы» деген бағалармен бітірген екен.
Кездесуге қатысқан қыздар әкімнің алғашқы махаббаты туралы сұрауды ұмыт қалдырмады. Әкім бұл сұраққа алғашқы махаббат машақатын мектепте кештім деп жауап берген.
Сонымен қатар, әкім мырза «Ақтөбе» футбол командасының жанкүйерлері қатарынан табылатынын жеткізді.
Қазіргі уақытта 34 жасқа келген Ерхан Омаровтың 2 мамандығы бар. Қазақ мемлекеттік көлік және транспорт академиясын инженер-механик және Қазақ гуманитарлық заң университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған.
Baq.kz