Адамының ой-өрісіне, әңгімеге ұйытқы болған автордың тапқырлығына тәнті боласың

28 Шілде 2013, 16:27

Журналистің Шерхан Мұртазамен, сәулетші Шота Уәлихановпен, ақын Олжас Сүлейменовпен сырласу орайындағы эссе-сұхбаттары адамының ой-өрісіне, әңгімеге ұйытқы болған автордың тапқырлығына тәнті боласың. Кілтін тауып, әңгімені өрбіте білген очеркші бірқыдыру мәселелерді қамтуға, кейіпкерлерінің жүрегінен жол табуға келгенде тапқырлық танытып, әр кейіпкердің ішкі пікірінің пердесін дөп басып, бүгінгінің ғана емес, бұрынғының да шежіресінен сыр тарқата алған, деректі дүниеге айналдырған. Мысалы, «Жүрек ұйықтауды білмейді» атты очеркін оқығанда, Рим олимпиадасының күміс жүлдегері, желаяқ Ғұсман Қосанов туралы мол мәліметтерге қанығасың. Очеркке тән басты талап - оқиға желісін тұтас алып жүрумен қатар, көтерген мәселенің немесе кейіпкердің болмысын аша түсетін қосымша дерек, бұрын белгісіз жайт арқылы екінші бір желіні қатар алып жүру әдісі - қысқа қайырып ой түюге өте қолайлы әдіс. Бұл тәсіл туындының толыққанды болып, тақырыптың ойдағыдай игерілуіне  септігін тигізеді. Жанболат Аупбаевтың «Олжас» атты ойлы публицистикалық толғанысы ақынның мың тоғыз жүз отыз жетінші жылы қайғылы жазаға ұшыраған әкесі туралы дерек сөздерден басталып, сыртта күн бұлыңғыр тартқаны, қар жауып тұрғаны, жазықсыз жапа шегіп, әріптестерінен қисынсыз сөз естіген ақынның жиі-жиі күрсіну себептерін түсіндірген тұстар шығарманың бояуын қалыңдатып, оқиға желісін ширықтырып отырған. Автордың кез келген публицистикалық шығармасын алып қарасақ та, оның оқшау оқиғалары көзге ұрып, күтпеген оқыс оймен аяқталуы, тақырып қоюы да шын шеберлік деуге болады. Мысалы, «Әлемді шарлаған сурет», «Үндестік заңы», «Маршал мінген ақ боз ат», «Түйе балуан», «Могиканның соңғы тұяғы», тағы басқа тақырыптарынан байқалады, шығарманың өн бойы құнарлы тіркестерге толы. Қорыта айтқанда, публицистикадағы тақырып пен проблема бір-бірімен тығыз байланысты екен. Кейде тақырыптың өзінен проблема көрініс береді. Проблема бір ғана фактімен шектелмейді, онда бірнеше фактілер жүйесі көрсетіледі. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ публицистикасында қоғам өмірінде алып отырған сан алуан шешімін таппаған мәселелер тақырыпқа өзек болғанын жоғарыда айттық. Ол мақалаларда өмірден орын алып отырған проблемалар тек айтылып қана қойған жоқ, ол терең талданып, ақырында сол түйіткілдің шешімін табудың жолдары іздестірілгеніне көзіміз жетті.

Журналистің Шерхан Мұртазамен, сәулетші Шота Уәлихановпен, ақын Олжас Сүлейменовпен сырласу орайындағы эссе-сұхбаттары адамының ой-өрісіне, әңгімеге ұйытқы болған автордың тапқырлығына тәнті боласың. Кілтін тауып, әңгімені өрбіте білген очеркші бірқыдыру мәселелерді қамтуға, кейіпкерлерінің жүрегінен жол табуға келгенде тапқырлық танытып, әр кейіпкердің ішкі пікірінің пердесін дөп басып, бүгінгінің ғана емес, бұрынғының да шежіресінен сыр тарқата алған, деректі дүниеге айналдырған. Мысалы, «Жүрек ұйықтауды білмейді» атты очеркін оқығанда, Рим олимпиадасының күміс жүлдегері, желаяқ Ғұсман Қосанов туралы мол мәліметтерге қанығасың. Очеркке тән басты талап - оқиға желісін тұтас алып жүрумен қатар, көтерген мәселенің немесе кейіпкердің болмысын аша түсетін қосымша дерек, бұрын белгісіз жайт арқылы екінші бір желіні қатар алып жүру әдісі - қысқа қайырып ой түюге өте қолайлы әдіс. Бұл тәсіл туындының толыққанды болып, тақырыптың ойдағыдай игерілуіне  септігін тигізеді. Жанболат Аупбаевтың «Олжас» атты ойлы публицистикалық толғанысы ақынның мың тоғыз жүз отыз жетінші жылы қайғылы жазаға ұшыраған әкесі туралы дерек сөздерден басталып, сыртта күн бұлыңғыр тартқаны, қар жауып тұрғаны, жазықсыз жапа шегіп, әріптестерінен қисынсыз сөз естіген ақынның жиі-жиі күрсіну себептерін түсіндірген тұстар шығарманың бояуын қалыңдатып, оқиға желісін ширықтырып отырған. Автордың кез келген публицистикалық шығармасын алып қарасақ та, оның оқшау оқиғалары көзге ұрып, күтпеген оқыс оймен аяқталуы, тақырып қоюы да шын шеберлік деуге болады. Мысалы, «Әлемді шарлаған сурет», «Үндестік заңы», «Маршал мінген ақ боз ат», «Түйе балуан», «Могиканның соңғы тұяғы», тағы басқа тақырыптарынан байқалады, шығарманың өн бойы құнарлы тіркестерге толы.

Қорыта айтқанда, публицистикадағы тақырып пен проблема бір-бірімен тығыз байланысты екен. Кейде тақырыптың өзінен проблема көрініс береді. Проблема бір ғана фактімен шектелмейді, онда бірнеше фактілер жүйесі көрсетіледі. Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ публицистикасында қоғам өмірінде алып отырған сан алуан шешімін таппаған мәселелер тақырыпқа өзек болғанын жоғарыда айттық. Ол мақалаларда өмірден орын алып отырған проблемалар тек айтылып қана қойған жоқ, ол терең талданып, ақырында сол түйіткілдің шешімін табудың жолдары іздестірілгеніне көзіміз жетті.

Бөлісу: