Бұрын мүлдем ауызға алынбай келген, қазақтың арғы тарихы да публицистика объектісіне айнала бастады

28 Шілде 2013, 16:20

Бұрын мүлдем ауызға алынбай келген, қазақтың арғы тарихы да публицистика объектісіне айнала бастады. Қазақ басылымдарының беттерінде қазақ мемлекеттілігінің тарихына қатысты полемикалық мақалалар, қазақ хандары, билері, батырлары хақында ақиқатты қалпына келтіру бағытындағы ғылыми дәйектерге жүгінген шығармалар бірінен соң бірі жарияланды. Мұның өзі уақыт талабынан туған қажеттілік болатын. Республиканың көрнекті ғалымдарының қатысуымен жазылған «Қазақстан тарихының» 5-томдығында мынадай деректер назар аудартады: «Қазақ хандығының пайда болуы (1466 ж.) ХІУ-ХУ ғасырларда Қазақстан аумағында болып өткен этникалық-саяси және әлеуметтік-мәдени процестердің заңды қоытындысы болды. Қазақ мемлекеттігі – ежелгі заманда жатқан ұзақ тарихи дамудың жемісі, ол қазақ халқының топтасуына, оның этникалық нығаюына, қазақ халқының рухани және материалдық мәдениетінің дамуына себеп болды... Хандықтың негізін салушылар Ақ Орда билеушісі Ұрұс ханның ұрпақтары Керей және Жәнібек еді... Оның негізгі тұрғындарының ұлттық атауына орай тұңғыш мемлекет, Қазақ хандығының құрылу уақыты туралы мәселе ғылыми әдебиетте, ал қазіргі уақытта публицистикада айтыс тудырып, үнемі ерекше көңіл бөлуді қажет етіп келеді». «Қазақ әдебиетінің» 1991 жылғы бір нөмірінің алғашқы бетінде берілді. «Абылай ханның туғанына 280 жыл» деген айдар аясында Қазақ хандығының іргесін көтерген Әз Жәнібек пен Керей хан екендігі, онан кейін қазақтың тұңғыш конституциялық құжатын жасаған «Қасым ханның қасқа жолы», мемлекеттілік ыдырай бастаған кездеқайта қалпына келтіріп хандықты дамытқан «Ақназар хан, Тәуекел, Еңсегей бойлы Ер Есім» - Есім хан, Жәңгір хан, «Жеті Жарғыны» жасаған Әз Тәуке хан есімдері мен атқарған ұшан-теңіз істері халық жадында қайта жаңғырады. Қазақ елдігін сақтап қалуға, қазақ мемлекеттігін дамытуға Абылай ханның сіңірген еңбегі де өлшеусіз екендігіне дәйекті баға беріледі. Егер осы деректер құрғақ баяндалып қана кетсе – бұл тарих болар еді. Ал мақала түйінінде оның публицистикалық шығарма екендігін айғақтайтын тұжырым бар. Мақалада орыс ұлықтарына тұтас қала, аудан, ауыл аттары берілгенде, қазақ елдігін сақтап қалған хандарымызға құрмет көрсетпеуіміз сыналады. «Оннан аса Александровка, төрт Екатериновка, Елизаветка, Павел есімдері берілгенде, Абылай ханға бір де көшенің атын қимағанымыз қалай?» Абылай хан суреті басылып, оған жапсарласа редакциялық бас мақала - міне, егемен елдің публицистикасында осындай өткір проблемалар еркін көтеріле бастады.

Бұрын мүлдем ауызға алынбай келген, қазақтың арғы тарихы да публицистика объектісіне айнала бастады. Қазақ басылымдарының беттерінде қазақ мемлекеттілігінің тарихына қатысты полемикалық мақалалар, қазақ хандары, билері, батырлары хақында ақиқатты қалпына келтіру бағытындағы ғылыми дәйектерге жүгінген шығармалар бірінен соң бірі жарияланды. Мұның өзі уақыт талабынан туған қажеттілік болатын. Республиканың көрнекті ғалымдарының қатысуымен жазылған «Қазақстан тарихының» 5-томдығында мынадай деректер назар аудартады: «Қазақ хандығының пайда болуы (1466 ж.) ХІУ-ХУ ғасырларда Қазақстан аумағында болып өткен этникалық-саяси және әлеуметтік-мәдени процестердің заңды қоытындысы болды. Қазақ мемлекеттігі – ежелгі заманда жатқан ұзақ тарихи дамудың жемісі, ол қазақ халқының топтасуына, оның этникалық нығаюына, қазақ халқының рухани және материалдық мәдениетінің дамуына себеп болды... Хандықтың негізін салушылар Ақ Орда билеушісі Ұрұс ханның ұрпақтары Керей және Жәнібек еді... Оның негізгі тұрғындарының ұлттық атауына орай тұңғыш мемлекет, Қазақ хандығының құрылу уақыты туралы мәселе ғылыми әдебиетте, ал қазіргі уақытта публицистикада айтыс тудырып, үнемі ерекше көңіл бөлуді қажет етіп келеді».

«Қазақ әдебиетінің» 1991 жылғы бір нөмірінің алғашқы бетінде берілді. «Абылай ханның туғанына 280 жыл» деген айдар аясында Қазақ хандығының іргесін көтерген Әз Жәнібек пен Керей хан екендігі, онан кейін қазақтың тұңғыш конституциялық құжатын жасаған «Қасым ханның қасқа жолы», мемлекеттілік ыдырай бастаған кездеқайта қалпына келтіріп хандықты дамытқан «Ақназар хан, Тәуекел, Еңсегей бойлы Ер Есім» - Есім хан, Жәңгір хан, «Жеті Жарғыны» жасаған Әз Тәуке хан есімдері мен атқарған ұшан-теңіз істері халық жадында қайта жаңғырады. Қазақ елдігін сақтап қалуға, қазақ мемлекеттігін дамытуға Абылай ханның сіңірген еңбегі де өлшеусіз екендігіне дәйекті баға беріледі. Егер осы деректер құрғақ баяндалып қана кетсе – бұл тарих болар еді. Ал мақала түйінінде оның публицистикалық шығарма екендігін айғақтайтын тұжырым бар. Мақалада орыс ұлықтарына тұтас қала, аудан, ауыл аттары берілгенде, қазақ елдігін сақтап қалған хандарымызға құрмет көрсетпеуіміз сыналады. «Оннан аса Александровка, төрт Екатериновка, Елизаветка, Павел есімдері берілгенде, Абылай ханға бір де көшенің атын қимағанымыз қалай?» Абылай хан суреті басылып, оған жапсарласа редакциялық бас мақала - міне, егемен елдің публицистикасында осындай өткір проблемалар еркін көтеріле бастады.

Бөлісу: