Қазақстанның жаңа ақпараттық кеңестігі туралы толғамды зерттеулер

28 Шілде 2013, 16:18

Қазақстанның жаңа ақпараттық кеңестігі туралы толғамды зерттеулер жүргізген, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері А. Сәрсенбаев: «Поначалу в силу своих особенностей казахская журналистика очень активно разрабатывала гуманитарную проблематику. Наблюдался заметный крик в сторону вопросов истории, культуры и критики порядков времен царского и советского тоталитарного строя», - деп атап көрсетті. Баспасөздегі публицистикалық шығармалардың басым көпшілігі осы аталған мәселелерге арналды. Бұрын жазуға болмайтын, цензура сүзгісінен өтпейтін көптеген тақырыптарда шындық шымылдығын ашудың сәті түсті. «Қазақ әдебиеті» газетіндегі «Қазақстан Россияға өз еркімен қосылды ма?» айдары бойынша берілгені «Ел мұңсыз ба, жер құнсыз ба?» деген мақала соның бір ғана дәлелі. Қаламгер Сапабек Әсіпов: «Бізді жерден айырған қаралы күн – 1891 жылғы 25 наурызды ұмытпайық. «Далалық ереже» - «Степное положение» бойынша 45 млн десятина жер қайтарылмады», - деп толғанады. 100 жыл бұрынғы патша үкіметінің сол «Ережесінің» жергілікті ұлтқа тигізетін залал-зардабы туралы ашына жазады. Қазақ қауымын жер қадірін білуге үндейді. Қазақ тарихындағы қасіретті кезеңнің бірі – 30-жылдардағы репрессия болды. «...Жазалау толқыны Қазақстанды да жайпап өтті... Ж.Аймауытов, Ә.Ермеков, Ж.Досмұхамбетов, Ә.Бөкейханов және «Алаш» партиясының басқа да көптеген көрнекті қайраткерлері мен мүшелері жазаға ұшырады...1937-1938 жылдарда жаппай террор сипат алды». Сөйтіп қазақ халқының көшбасшылары, бас көтерер зиялылары түгелге жуық Сталиндік репрессияның құрбаны болды. Бірақ кеңестік режим кезінде ақтаңдақтар ақиқатын жазбақ түгілі, жазаланған ұлттық көсемдердің есімін атаудың өзі қылмыс саналды. 1990-жылдар баспасөзіндегі көптеген публицистикалық шығармалар сол олқылықтардың да орнын толтыруға бағытталды. Бұл екі түрлі бағытта жүзеге асырылды: 1) 30-жылдары жазықсыз жапа шеккен ұлт зиялыларының ғасыр басындағы ой, идеяларын халық жадында қайта жаңғырту үшін, әрі тәуелсіздікке жету жолында өткеннің сабағынан үйрену мақсатында Алаш ардақтыларының мақалалары мен шығармаларын қайта жариялау; 2) Ел еркіндігін, ұлт азаттығын көксеген азамат, қайраткерлердің өмірі мен шығармашылығы туралы ақтау бағытында жазылған публицистикалық мақалалар мен тарихи-танымдық шығармалар шоғырын басу. Мәселен, Міржақып Дулатовтың 1925 жылы «Еңбекші қазақта» жарияланған «Ендігі бір арманымыз – тіл тағдыры» деген мақаласын қайта көшіріп басу арқылы, мемлекеттік тіл мәселесі қозғалады.

Қазақстанның жаңа ақпараттық кеңестігі туралы толғамды зерттеулер жүргізген, белгілі қоғам және мемлекет қайраткері А. Сәрсенбаев: «Поначалу в силу своих особенностей казахская журналистика очень активно разрабатывала гуманитарную проблематику. Наблюдался заметный крик в сторону вопросов истории, культуры и критики порядков времен царского и советского тоталитарного строя», - деп атап көрсетті. Баспасөздегі публицистикалық шығармалардың басым көпшілігі осы аталған мәселелерге арналды. Бұрын жазуға болмайтын, цензура сүзгісінен өтпейтін көптеген тақырыптарда шындық шымылдығын ашудың сәті түсті. «Қазақ әдебиеті» газетіндегі «Қазақстан Россияға өз еркімен қосылды ма?» айдары бойынша берілгені «Ел мұңсыз ба, жер құнсыз ба?» деген мақала соның бір ғана дәлелі. Қаламгер Сапабек Әсіпов: «Бізді жерден айырған қаралы күн – 1891 жылғы 25 наурызды ұмытпайық. «Далалық ереже» - «Степное положение» бойынша 45 млн десятина жер қайтарылмады», - деп толғанады. 100 жыл бұрынғы патша үкіметінің сол «Ережесінің» жергілікті ұлтқа тигізетін залал-зардабы туралы ашына жазады. Қазақ қауымын жер қадірін білуге үндейді.

Қазақ тарихындағы қасіретті кезеңнің бірі – 30-жылдардағы репрессия болды. «...Жазалау толқыны Қазақстанды да жайпап өтті... Ж.Аймауытов, Ә.Ермеков, Ж.Досмұхамбетов, Ә.Бөкейханов және «Алаш» партиясының басқа да көптеген көрнекті қайраткерлері мен мүшелері жазаға ұшырады...1937-1938 жылдарда жаппай террор сипат алды». Сөйтіп қазақ халқының көшбасшылары, бас көтерер зиялылары түгелге жуық Сталиндік репрессияның құрбаны болды.

Бірақ кеңестік режим кезінде ақтаңдақтар ақиқатын жазбақ түгілі, жазаланған ұлттық көсемдердің есімін атаудың өзі қылмыс саналды. 1990-жылдар баспасөзіндегі көптеген публицистикалық шығармалар сол олқылықтардың да орнын толтыруға бағытталды. Бұл екі түрлі бағытта жүзеге асырылды: 1) 30-жылдары жазықсыз жапа шеккен ұлт зиялыларының ғасыр басындағы ой, идеяларын халық жадында қайта жаңғырту үшін, әрі тәуелсіздікке жету жолында өткеннің сабағынан үйрену мақсатында Алаш ардақтыларының мақалалары мен шығармаларын қайта жариялау; 2) Ел еркіндігін, ұлт азаттығын көксеген азамат, қайраткерлердің өмірі мен шығармашылығы туралы ақтау бағытында жазылған публицистикалық мақалалар мен тарихи-танымдық шығармалар шоғырын басу.

Мәселен, Міржақып Дулатовтың 1925 жылы «Еңбекші қазақта» жарияланған «Ендігі бір арманымыз – тіл тағдыры» деген мақаласын қайта көшіріп басу арқылы, мемлекеттік тіл мәселесі қозғалады.

Бөлісу: