1990-жылдардағы қазақ баспасөзіндегі көрініс тапқан негізгі тақырыптар

28 Шілде 2013, 16:15

1990-жылдардағы қазақ баспасөзіндегі көрініс тапқан негізгі тақырыптар мынадай болып келеді: 1) тәуелсіздік; 2) Қазақстан территориясының тұтастығы; 3) тіл саясаты; 4) егемендік; 5) казактар туралы; 6) қоғамды жаңғырту жолдары; 7) қазақтардың тарихи атамекеніне оралу мәселесі. «Қазақ әдебиеті» газетіндегі 90-жылдардағы көтерілген басты мәселе  - ұлттық тәуелсіздік тақырыбы болатын. Жалпы кез келген саяси өзгерістер кезінде сан түрлі ой-идеяларды ұстанған қозғалыстар мен топтар пайда болатыны тарихтан белгілі. Еліміз егемендігін алуға бет бұрған кезеңде Қазақстанда да түрлі партиялар саясат майданына араласты. Соның бірі – ұлттық мемлекеттілікке меңзеген «Азат» партиясы еді. Онымен қоса қабаттаса ХХ-ғасыр басындағы қазақ зиялылары құрған «Алаш» партиясының атын жамылған бір даурықпа топ пайда болды. Жаңа «алаштықтардың» іс-әрекеті де, даңғазаға бой алдырған ойлары да көңіл алаңдатарлық еді. Дәл осы кезде «Қазақ әдебиетінде» «Жебеушісі – жариялылық, демеушісі - демократия» деген айдармен «Азат» партиясының төрағасы, саясаткер-ғалым Сәбетқазы Ақатаевтың «Азат» пен «Алаштың» айырмасы» атты мақаласы жарық көрді. Бұл мақаланың басынан-аяғына дейін тәуелсіздік рухында жазылғанына көз жеткізуге болады. «Кей-кейде «Азат» пен «Алашты» шатастырып сөйлеу бар. Ол түбегейлі қате. Тіпті ғасырымыздың басындағы «Алаш» партиясы мен қазір «Алашпыз» деп жүрген жастардың арасы жер мен көктей, екі «Алаш» арасында ешбір идеялық-генетикалық байланыс жоқ. Жиырмасыншы жылдары А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Жұмабаев, М. Дулатов басқарған «Алаш» қазақ ұлтының, оның саяси-әлеуметтік ақыл-ойының жұлдызы болса, қазіргі «Алашпыз» деп жүрген жастар сол биік ақыл-ойдың жаншыла-жаншыла, езіле-езіле төмен түскендігінің бірден-бір белгісі. Оны анық ажыратқысы келгендер қазақ кемеңгерлерінің мұрасын оқып алып, қазіргі «Алаштың» митингісінен шыққан қиқумен салыстырып көрсін. Алдағы ағалардың атын жамылған жастар олардың ақылын алмағандығына жан езіледі», - деп жаңа құрылған «Алаш» партиясының қасиеті «Алаш» сөзімен еш байланысы жоқтығын дәлелдеп береді. Автор ойлары – соншалықты батыл, соншалықты еркін. Дәл осындай ақжарма ойларды жариялылықтан бұрын айту мүмкін емес еді. Бұл – саяси ақыл-ойдың сілкінгендігіннің де айнасы болатын. Әрі қарай: «Ақ тер, көк мұзда аштықты «Алаштың» жетекшілерінің өздері жарияламай, басқаларға жариялатуы да сол жетекшілердің саяси-мәдени өресін танытады», - дей келіп, «мұсылманшылыққа көзсіз табыну», «орыстарды қуу», «тәуелсіздікті дереу алу» сияқты «Алаштықтар» талаптарын сынға алады, есерсоқтық әрекетке балайды.

1990-жылдардағы қазақ баспасөзіндегі көрініс тапқан негізгі тақырыптар мынадай болып келеді: 1) тәуелсіздік; 2) Қазақстан территориясының тұтастығы; 3) тіл саясаты; 4) егемендік; 5) казактар туралы; 6) қоғамды жаңғырту жолдары; 7) қазақтардың тарихи атамекеніне оралу мәселесі.

«Қазақ әдебиеті» газетіндегі 90-жылдардағы көтерілген басты мәселе  - ұлттық тәуелсіздік тақырыбы болатын. Жалпы кез келген саяси өзгерістер кезінде сан түрлі ой-идеяларды ұстанған қозғалыстар мен топтар пайда болатыны тарихтан белгілі. Еліміз егемендігін алуға бет бұрған кезеңде Қазақстанда да түрлі партиялар саясат майданына араласты. Соның бірі – ұлттық мемлекеттілікке меңзеген «Азат» партиясы еді. Онымен қоса қабаттаса ХХ-ғасыр басындағы қазақ зиялылары құрған «Алаш» партиясының атын жамылған бір даурықпа топ пайда болды. Жаңа «алаштықтардың» іс-әрекеті де, даңғазаға бой алдырған ойлары да көңіл алаңдатарлық еді. Дәл осы кезде «Қазақ әдебиетінде» «Жебеушісі – жариялылық, демеушісі - демократия» деген айдармен «Азат» партиясының төрағасы, саясаткер-ғалым Сәбетқазы Ақатаевтың «Азат» пен «Алаштың» айырмасы» атты мақаласы жарық көрді. Бұл мақаланың басынан-аяғына дейін тәуелсіздік рухында жазылғанына көз жеткізуге болады. «Кей-кейде «Азат» пен «Алашты» шатастырып сөйлеу бар. Ол түбегейлі қате. Тіпті ғасырымыздың басындағы «Алаш» партиясы мен қазір «Алашпыз» деп жүрген жастардың арасы жер мен көктей, екі «Алаш» арасында ешбір идеялық-генетикалық байланыс жоқ. Жиырмасыншы жылдары А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Жұмабаев, М. Дулатов басқарған «Алаш» қазақ ұлтының, оның саяси-әлеуметтік ақыл-ойының жұлдызы болса, қазіргі «Алашпыз» деп жүрген жастар сол биік ақыл-ойдың жаншыла-жаншыла, езіле-езіле төмен түскендігінің бірден-бір белгісі. Оны анық ажыратқысы келгендер қазақ кемеңгерлерінің мұрасын оқып алып, қазіргі «Алаштың» митингісінен шыққан қиқумен салыстырып көрсін. Алдағы ағалардың атын жамылған жастар олардың ақылын алмағандығына жан езіледі», - деп жаңа құрылған «Алаш» партиясының қасиеті «Алаш» сөзімен еш байланысы жоқтығын дәлелдеп береді. Автор ойлары – соншалықты батыл, соншалықты еркін. Дәл осындай ақжарма ойларды жариялылықтан бұрын айту мүмкін емес еді. Бұл – саяси ақыл-ойдың сілкінгендігіннің де айнасы болатын.

Әрі қарай: «Ақ тер, көк мұзда аштықты «Алаштың» жетекшілерінің өздері жарияламай, басқаларға жариялатуы да сол жетекшілердің саяси-мәдени өресін танытады», - дей келіп, «мұсылманшылыққа көзсіз табыну», «орыстарды қуу», «тәуелсіздікті дереу алу» сияқты «Алаштықтар» талаптарын сынға алады, есерсоқтық әрекетке балайды.

Бөлісу: