Бұрынғы Кеңес Одағының ыдырауын тездеткен түйіткілдің бірі

28 Шілде 2013, 16:14

Бұрынғы Кеңес Одағының ыдырауын тездеткен түйіткілдің бірі – 1985 жылғы сәуір пленумының шешімі еді. Ондағы бар болғаны екі сөз – алып империяның іргесін шайқалтуға дейін әкелді. Демократия және жариялылық, әсіресе бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөз және баспасөз бостандығына жол ашты. Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарының демократияландырылуы КСРО ыдырағаннан да бұрын басталды. Соның нәтижесінде тарихтағы көптеген ақтаңдақтардың беті ашыла бастады, ұлт тағдыры, ұлтық сананың қалыптасуы, мемлекеттің қалыптасуы сияқты өзекті мәселелерге баспасөз бетінен орын беріле бастады. Публицистер халықтың тарихта кеткен есесін қайтарып беру жолында қалам қайратын жұмсады, ел намысын оятуға, жұрт санасын сілкіндіруге бағытталған рухани серпіліс жасауға көшті. Бұл әсіресе 1990-жылдардағы қазақ баспасөзінен, онда жарық көрген публицистикалық шығармалардан айқын көрініс тапты. Қазақ рухани тазару мектебінің біріне айналған басылымдардың бірі – «Қазақ әдебиеті» апталығы болатын. Осы газет туралы профессор Н. Омашев мынадай сындарлы тұжырым айтыпты: «...Бізде әдебиет саласы бойынша «Қазақ әдебиеті» газеті шығады. Бұл үлкен жетістігіміз. Өйткені журналистиканың араласпайтын саласы жоқ. Сол тұрғыдан «Қазақ әдебиеті» газеті – қазақ халқының рухани байлығы. Мысалы, шопаны бар, шофері бар, диқаны бар, қоғам қайраткері бар – бәрі бірдей әдебиетті жақсы біле бермейді ғой. Бұл газетті оқи отырып, қазақ әдебиетінің, мәдениетінің, өнерінің, ұлттық журналистиканың, қазақ тілінің түрлі жетістіктері мен проблемаларын біліп, дәстүр-салтын, тарихын таразылап отырады. Оқырманның рухани байлығын мейлінше байыта түсетін, тіпті үзбей бірнеше жыл оқыған адамға осы саланың институтын бітіргендей нәр берер басылымның халқына бергені де, берері де мол». Танымал талант иелері, жазушылар Төлен Әбдіков пен Оралхан Бөкей бас редактор болған тұстағы газеттің қыруар жүкті көтергеніне көз жеткіздік. «Қазақ әдебиеті» - елдің тек әдеби өмірін, әдебиет саласындағы жаңалықтар мен ақын-жазушылар шығармаларын жариялайтын салалық басылым шеңберінен шығып, қазақ халқының тағдыры хақында салиқалы сөз қозғайтын бүкілұлттық басылым деңгейіне көтерілді». ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басындағы кезеңде қазақ публицистикасының дамуында да жаңа бір дәуір басталды. Ол – азат ойдың, еркін сөздің дәуірі еді. Публицистика қоғамдық маңызды мәселелерді көтергенде ғана, оның әсер-ықпалына зор болатындығы белгілі. Сондықтан біз 1990-жылдардағы ең өзекті мәселелерді алға тартқан публицистикалық шығармаларға назар аударуға тырыстық.

Бұрынғы Кеңес Одағының ыдырауын тездеткен түйіткілдің бірі – 1985 жылғы сәуір пленумының шешімі еді. Ондағы бар болғаны екі сөз – алып империяның іргесін шайқалтуға дейін әкелді. Демократия және жариялылық, әсіресе бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөз және баспасөз бостандығына жол ашты. Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарының демократияландырылуы КСРО ыдырағаннан да бұрын басталды. Соның нәтижесінде тарихтағы көптеген ақтаңдақтардың беті ашыла бастады, ұлт тағдыры, ұлтық сананың қалыптасуы, мемлекеттің қалыптасуы сияқты өзекті мәселелерге баспасөз бетінен орын беріле бастады. Публицистер халықтың тарихта кеткен есесін қайтарып беру жолында қалам қайратын жұмсады, ел намысын оятуға, жұрт санасын сілкіндіруге бағытталған рухани серпіліс жасауға көшті.

Бұл әсіресе 1990-жылдардағы қазақ баспасөзінен, онда жарық көрген публицистикалық шығармалардан айқын көрініс тапты. Қазақ рухани тазару мектебінің біріне айналған басылымдардың бірі – «Қазақ әдебиеті» апталығы болатын. Осы газет туралы профессор Н. Омашев мынадай сындарлы тұжырым айтыпты:

«...Бізде әдебиет саласы бойынша «Қазақ әдебиеті» газеті шығады. Бұл үлкен жетістігіміз. Өйткені журналистиканың араласпайтын саласы жоқ. Сол тұрғыдан «Қазақ әдебиеті» газеті – қазақ халқының рухани байлығы. Мысалы, шопаны бар, шофері бар, диқаны бар, қоғам қайраткері бар – бәрі бірдей әдебиетті жақсы біле бермейді ғой. Бұл газетті оқи отырып, қазақ әдебиетінің, мәдениетінің, өнерінің, ұлттық журналистиканың, қазақ тілінің түрлі жетістіктері мен проблемаларын біліп, дәстүр-салтын, тарихын таразылап отырады. Оқырманның рухани байлығын мейлінше байыта түсетін, тіпті үзбей бірнеше жыл оқыған адамға осы саланың институтын бітіргендей нәр берер басылымның халқына бергені де, берері де мол». Танымал талант иелері, жазушылар Төлен Әбдіков пен Оралхан Бөкей бас редактор болған тұстағы газеттің қыруар жүкті көтергеніне көз жеткіздік. «Қазақ әдебиеті» - елдің тек әдеби өмірін, әдебиет саласындағы жаңалықтар мен ақын-жазушылар шығармаларын жариялайтын салалық басылым шеңберінен шығып, қазақ халқының тағдыры хақында салиқалы сөз қозғайтын бүкілұлттық басылым деңгейіне көтерілді».

ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басындағы кезеңде қазақ публицистикасының дамуында да жаңа бір дәуір басталды. Ол – азат ойдың, еркін сөздің дәуірі еді. Публицистика қоғамдық маңызды мәселелерді көтергенде ғана, оның әсер-ықпалына зор болатындығы белгілі. Сондықтан біз 1990-жылдардағы ең өзекті мәселелерді алға тартқан публицистикалық шығармаларға назар аударуға тырыстық.

Бөлісу: