Бүгінгі таңдағы дамыған публицистика бірден пайда бола қойған жоқ

28 Шілде 2013, 16:13

Бүгінгі таңдағы дамыған публицистика бірден пайда бола қойған жоқ. Публицистиканың тууының өзі көне дәуірлердегі адамдардың бір-бірімен ақпарат алмасуынан бастау алады. Шын мәнінде публицистика деген сөздің шығу төркіні латынның «publicus» - қоғамдық деген сөзінен шыққан. Бұдан аңғаратынымыз публицистика сөзінің этимологиясы «қоғамдық» деген сөзге қатысты. Осы ойымызды нақтылай түсу үшін арғы-бергі сөздіктер мен зерттеушілер тұжырымына жүгінейік. Мәселен, Владимир Дальдің түсіндірме сөздігінде публицист сөзіне былайша анықтама берілген: «Публицист», писатель более газетный, журнальный, по современным общим вопросам, по народному праву». Қазақ зерттеушілерінің ішінде публицистикаға тұңғыш анықтаманы Ахмет Байтұрсынов өзінің «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде берді. А.Байтұрсынов публицистиканы көсем сөз деген қазақ сөзімен төркіндестіреді. «Көсем сөз шешен сөз сияқты әлеуметке айтқанын істету мақсатымен шығарылатын сөз. Шешен сөзден мұның айырылатын жері – шешен сөз ауызша айтылады, көсем сөз жазумен айтылады. Көсем сөз кезіндегі әлеуметке керек іске мұрындық болып істеу ыждахатымен айтылады». Шын мәнінде публицистика әлеуметтік, қоғамдық, саяси мәні бар бүгінгі күннің көкейкесті мәселелерін көтеретін, көпшілікке сол кезеңдегі басты міндеттерді аңғартып, саяси-әлеуметтік оқиғалардың сыр-сипатын ашып береді. Публицистика белгілі бір күннің, белгілі бір дәуірдің тарихын сол күннің, сол дәуірдің саясатымен, философиялық көзқарасымен байланыстыра отырып жасайды. Ол қоғамдық мәселелерді сырттай емес, өмірмен, тәжірбиемен ұштастыра отырып баяндайды. «Көсем сөз – мерзімді баспасөз бетіндегі көптеген жанрларға бірдей қатысты ұғым. Сондықтан көсемсөзшілер (публицистер) айтпақ ойы, оны жеткізу ыңғайына қарай кейде памфлет, кейде эссе, мақала, ашық хат, кейде фельетон жазып, жариялайды». Нағыз публицистикада әлеуметтік-тәрбиелік ықпал жасаудың орасан зор күші бар. Өйткені ол оқырманға, көрерменге, тыңдаушыға дұрыс бағыт сілтейді. Адамдардың ақыл-ойы мен сөздеріне әсер етудің маңызды рөлін де атқарады. Публицистикалық құбылыстарға ғылыми тұрғыдан баға беру, дәлелдеудің айқындығы, өткірлік, барынша ықпал етуге ұмтылушылық тән. Публицистикаға сипаттама берген Е.П.Прохоров былай дейді: «Публицистика – бұл ең алдымен кәсіпқой еместердің, бұқараның творчествосы». Сөз жоқ, публицистика творчествоның басқа түрлерімен (көркем, ғылыми) салыстырғанда, көпшілік игеретін творчествоның бір түрі болып саналады. «Қарапайым хабардың» өзі публицистикалық үнмен естіледі, оқиғалық информация да қоғамдық пікірді қалыптастырады, информациялық заметкада публицистика басқаша көрініспен танылады», - дейді ғалым Ю.А. Лабезник. Қазақ зерттеушілерінің ой-тұжырымдары да публицистика туралы білім көкжиегін кеңейте түседі. Профессор Т.С.Амандосов: «Публицистика - өмірдің сырлы суреті. Публицистика  арқауы – шындық. Публицистика адамдар арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастардың көрінісі деген сөз, яғни өмірдің әлеуметтік, саяси-экономикалық, өндірістік, ғылыми және рухани, тағы басқа құбылыстарын, өмір фактілерін байыптап түсіндіріп береді»,- деп ой түйеді. Ал Т.Қожакеев: «Публицистика нақты өмірден орын алып отырған мәнді оқиға-фактілер төңірегіндегі пікірді қозғап, сол туралы дұрыс ұғым қалыптастыруға ықпал жасайды. Яғни, публицистика – фактінің, нақты оқиғаның жанры»,- дейді. Ал зерттеуші Т.Ыдырысов публицистика жайлы мынадай пікір білдіреді: «Публицистика – жазушы мен журналистің әлеуметтік пікір айтуы, күнделікті өмірге, әр қилы қоғамдық шабытпен терең ой топтап, жұртшылықты белгілі бір оқиғаға, құбылысқа ерте, еліктіре білуі». Сонымен қорыта айтқанда, публицистика дегеніміз – публицистикалық шығармалардың жиынтығы. Яғни, очерктер мен фельетондар, мақалалар мен ашық хаттар, эсселер мен репортаждар, жиынтығы. Ойларымызды жинақтайтын болсақ, журналистика – белгілі бір қызмет саласы және әсер ету сферасы, түрлі бұқаралық ақпарат құралдарын, ұйымдар мен мекемелердің басын құрайтын белгілі бір аппарат, әлеуметтік институт. Ал, публицистика – белгілі бір нысаны, орны, функциясы, мазмұны мен құрылымы, пішіні бар, белгілі бір жанрлар жүйесі бар, қоғам мүшелеріне  әсер ету тәсілдері бар тұтас шығармашылықтың түрі.

Бүгінгі таңдағы дамыған публицистика бірден пайда бола қойған жоқ. Публицистиканың тууының өзі көне дәуірлердегі адамдардың бір-бірімен ақпарат алмасуынан бастау алады. Шын мәнінде публицистика деген сөздің шығу төркіні латынның «publicus» - қоғамдық деген сөзінен шыққан. Бұдан аңғаратынымыз публицистика сөзінің этимологиясы «қоғамдық» деген сөзге қатысты. Осы ойымызды нақтылай түсу үшін арғы-бергі сөздіктер мен зерттеушілер тұжырымына жүгінейік. Мәселен, Владимир Дальдің түсіндірме сөздігінде публицист сөзіне былайша анықтама берілген: «Публицист», писатель более газетный, журнальный, по современным общим вопросам, по народному праву».

Қазақ зерттеушілерінің ішінде публицистикаға тұңғыш анықтаманы Ахмет Байтұрсынов өзінің «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде берді. А.Байтұрсынов публицистиканы көсем сөз деген қазақ сөзімен төркіндестіреді. «Көсем сөз шешен сөз сияқты әлеуметке айтқанын істету мақсатымен шығарылатын сөз. Шешен сөзден мұның айырылатын жері – шешен сөз ауызша айтылады, көсем сөз жазумен айтылады. Көсем сөз кезіндегі әлеуметке керек іске мұрындық болып істеу ыждахатымен айтылады». Шын мәнінде публицистика әлеуметтік, қоғамдық, саяси мәні бар бүгінгі күннің көкейкесті мәселелерін көтеретін, көпшілікке сол кезеңдегі басты міндеттерді аңғартып, саяси-әлеуметтік оқиғалардың сыр-сипатын ашып береді. Публицистика белгілі бір күннің, белгілі бір дәуірдің тарихын сол күннің, сол дәуірдің саясатымен, философиялық көзқарасымен байланыстыра отырып жасайды. Ол қоғамдық мәселелерді сырттай емес, өмірмен, тәжірбиемен ұштастыра отырып баяндайды.

«Көсем сөз – мерзімді баспасөз бетіндегі көптеген жанрларға бірдей қатысты ұғым. Сондықтан көсемсөзшілер (публицистер) айтпақ ойы, оны жеткізу ыңғайына қарай кейде памфлет, кейде эссе, мақала, ашық хат, кейде фельетон жазып, жариялайды». Нағыз публицистикада әлеуметтік-тәрбиелік ықпал жасаудың орасан зор күші бар. Өйткені ол оқырманға, көрерменге, тыңдаушыға дұрыс бағыт сілтейді. Адамдардың ақыл-ойы мен сөздеріне әсер етудің маңызды рөлін де атқарады. Публицистикалық құбылыстарға ғылыми тұрғыдан баға беру, дәлелдеудің айқындығы, өткірлік, барынша ықпал етуге ұмтылушылық тән. Публицистикаға сипаттама берген Е.П.Прохоров былай дейді: «Публицистика – бұл ең алдымен кәсіпқой еместердің, бұқараның творчествосы». Сөз жоқ, публицистика творчествоның басқа түрлерімен (көркем, ғылыми) салыстырғанда, көпшілік игеретін творчествоның бір түрі болып саналады.

«Қарапайым хабардың» өзі публицистикалық үнмен естіледі, оқиғалық информация да қоғамдық пікірді қалыптастырады, информациялық заметкада публицистика басқаша көрініспен танылады», - дейді ғалым Ю.А. Лабезник.

Қазақ зерттеушілерінің ой-тұжырымдары да публицистика туралы білім көкжиегін кеңейте түседі. Профессор Т.С.Амандосов: «Публицистика - өмірдің сырлы суреті. Публицистика  арқауы – шындық. Публицистика адамдар арасындағы әлеуметтік қарым-қатынастардың көрінісі деген сөз, яғни өмірдің әлеуметтік, саяси-экономикалық, өндірістік, ғылыми және рухани, тағы басқа құбылыстарын, өмір фактілерін байыптап түсіндіріп береді»,- деп ой түйеді. Ал Т.Қожакеев: «Публицистика нақты өмірден орын алып отырған мәнді оқиға-фактілер төңірегіндегі пікірді қозғап, сол туралы дұрыс ұғым қалыптастыруға ықпал жасайды. Яғни, публицистика – фактінің, нақты оқиғаның жанры»,- дейді. Ал зерттеуші Т.Ыдырысов публицистика жайлы мынадай пікір білдіреді: «Публицистика – жазушы мен журналистің әлеуметтік пікір айтуы, күнделікті өмірге, әр қилы қоғамдық шабытпен терең ой топтап, жұртшылықты белгілі бір оқиғаға, құбылысқа ерте, еліктіре білуі».

Сонымен қорыта айтқанда, публицистика дегеніміз – публицистикалық шығармалардың жиынтығы. Яғни, очерктер мен фельетондар, мақалалар мен ашық хаттар, эсселер мен репортаждар, жиынтығы.

Ойларымызды жинақтайтын болсақ, журналистика – белгілі бір қызмет саласы және әсер ету сферасы, түрлі бұқаралық ақпарат құралдарын, ұйымдар мен мекемелердің басын құрайтын белгілі бір аппарат, әлеуметтік институт. Ал, публицистика – белгілі бір нысаны, орны, функциясы, мазмұны мен құрылымы, пішіні бар, белгілі бір жанрлар жүйесі бар, қоғам мүшелеріне  әсер ету тәсілдері бар тұтас шығармашылықтың түрі.

Бөлісу: