Теледидар бағдарламаларындағы тележүргізушілер

28 Шілде 2013, 16:05

Жайна Сыламбекқызының жақсы, өскелең журналист екеніне күмән келтіру әділдікке жатпас еді. Сөздері ашық, басты мәселені назарға ұстауды біледі, батыл сөйлейді. Шағын материалды беруге немесе күнделікті жаңалықты жеткізуге қабілетті. Сынға алғанда да сөздері ширақ сезіледі, шұбарланқылық жоқ. Хабарды оқудағы салмақтылығы мен ұстамдығы жағынан жас тележурналистердің ішінен «Ақшам» бағдарламасының жүргізушісі Думан Хамитовты үлгі етуге болады. Ләззәт Танысбай «Хабардың» кездейсоқ жүргізушісі емес. Осы мамандағы тәуірлеріміздің бірі. «Алуан – алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» демекші, теледидар бағдарламаларындағы тележүргізушілер арасынан «Хабар» агентігіндегі Бибігүл Жексенбайдың көптен бері талайларды толғандырып келе жатқан жер мәселесі төңірегіндегі тиянақты әрі салмақты ой – пікір көңілге ұялайды. Қай мәселеде болсын, прблемаға тереңдеп еніп, оны жан – жақты аша отырып, түйіндейтін ізденімпаздығымен де көрермен жүрегінде жол тауып жүрген Бибігүлдің орнықты пікіріне кадр сыртындағы ойлар тізбегі қонақтаса еріп отырады. Дауысының ашықтығы, үнінің мақамдылығы, операторлық көрініс пен режиссерлік шеберліктің қатар кіріктіре байланысуы да сарапшының жүріктігіне қанат бітіргендей. Қазір Бибігүл «Бетпе - бет» бағдарламасын жап – жақсы жүргізіп жүр. «Жеті күн» сараптау бағдарламасының жүргізушісі болған Серік Жанболат теледидардың қыр мен сырын игерген, мол тәжірибе жинақтаған, орнықтылығы мен біліктілігі қатар тоғысқан тұлғалардың бірі. Ол қазақ теледидарында үлкен тәжірибеден өтті. Сол шеберлік оны «Хабар» арнасының көрермені мол «Жеті күн» сараптау бағдарламасына алып келді.  «Бизнес - Хабар» экономика жаңалықтары осы хабарлардың заңды жалғасы деуге болады. Өкініштісі, эфирдегі уақыты небәрі 5-ақ минут. Аптасына 2 рет орысша, 2 рет қазақша. Жүргізушісі -Азамат Кенже. Уақыт шектеулілігіне орай, бұл хабарды жүргізушіге шапшаңдық, дәлдік, әрі тереңдік қасиеттер керек. Экономика жаңалықтарына Азамат, кәдімгідей төселген ысылған. Көпшілікті өзіне тараттатын сүйкімділігі мен үнінде әуезділігі тағы бар. Өзін эфирде еркін, жинақы ұстайды. Оған қосымша белдеу арқылы үзіліссіз беріліп тұратын мәліметтер де көрермен көңілін аулаудың тиімді тәсілі.         Телеэкран және саясат мәселесі мен теледидар төңірегіндегі саясат аптаның соңында «Жеті күн», «Мезгіл», «Информбюро» сараптамаларында айқын көрінеді. Осы үш хабарды жүргізген Серік Жанболат, Ғалым Боқаш, Бекжан Ыдырысовтың ой - өрістері биік, пікірлері айқын.  Эфирдегі тележүргізуші бойынан ой - өрісі мен білім біліктілігінің қаншалықты екені «ә» дегеннен – ақ аңғарылып жатады. Телехабардың жақсы шығуы жүргізушінің – хабарды жеткізушінің кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты. Белгілі бір оқиғаның мәнін ашып көрсетуде жүргізушінің кадрда өзін мейлінше табиғи ұстай білуі, дауыс ырғағының табиғи шығуы көп рөл атқарады. Бұл тұрғыдан келгенде Зейін Әліпбектің, Қымбат Досжанның, Дана Нұржігіттің сөйлеу машығы табиғи шығып жатса, «Еларнадағы» Досымбек Қонысбекұлының да өзін - өзі ұстауы, сөйлеу машығы жақсы әсер қалдырады десек, қазақ тілінде хабар жүргізіп жүрген қыздарымыз бен жігіттерімізге камера алдында камера алдында сөйлеу мен өзін - өзі ұстау мәнеріне үйрену, шеберлікті ұштау мектебіне өту қажет – ау деген ой келеді. Көңілге қонатыны, журналистерде ізденіс, ой – пікір айтуда орнықтылық танытуға деген талап бар. Әрі бірқатары осы талап үрдісінен көрініп те жүр. Ойдағы жүйелілік, кейіпкер әңгімесі мен сарапшы пікірінің бір – бірін толықтыруы, ой – санаға бет бұрғандығымызға кепіл. Көп мәселеде терең талдау мен мол білімдарлық та қылаң беріп жатады. Бұл жақсы үрдіс. Міне, қазақ тележүргізушілер арасында осындай тың ізденіспен келген, әдемі үрдіс қалыптасып келеді мен осы тележүргізушерге қатты еліктеймін.

Жайна Сыламбекқызының жақсы, өскелең журналист екеніне күмән келтіру әділдікке жатпас еді. Сөздері ашық, басты мәселені назарға ұстауды біледі, батыл сөйлейді. Шағын материалды беруге немесе күнделікті жаңалықты жеткізуге қабілетті. Сынға алғанда да сөздері ширақ сезіледі, шұбарланқылық жоқ.

Хабарды оқудағы салмақтылығы мен ұстамдығы жағынан жас тележурналистердің ішінен «Ақшам» бағдарламасының жүргізушісі Думан Хамитовты үлгі етуге болады.

Ләззәт Танысбай «Хабардың» кездейсоқ жүргізушісі емес. Осы мамандағы тәуірлеріміздің бірі.

«Алуан – алуан жүйрік бар, әліне қарай шабады» демекші, теледидар бағдарламаларындағы тележүргізушілер арасынан «Хабар» агентігіндегі Бибігүл Жексенбайдың көптен бері талайларды толғандырып келе жатқан жер мәселесі төңірегіндегі тиянақты әрі салмақты ой – пікір көңілге ұялайды.

Қай мәселеде болсын, прблемаға тереңдеп еніп, оны жан – жақты аша отырып, түйіндейтін ізденімпаздығымен де көрермен жүрегінде жол тауып жүрген Бибігүлдің орнықты пікіріне кадр сыртындағы ойлар тізбегі қонақтаса еріп отырады. Дауысының ашықтығы, үнінің мақамдылығы, операторлық көрініс пен режиссерлік шеберліктің қатар кіріктіре байланысуы да сарапшының жүріктігіне қанат бітіргендей. Қазір Бибігүл «Бетпе - бет» бағдарламасын жап – жақсы жүргізіп жүр.

«Жеті күн» сараптау бағдарламасының жүргізушісі болған Серік Жанболат теледидардың қыр мен сырын игерген, мол тәжірибе жинақтаған, орнықтылығы мен біліктілігі қатар тоғысқан тұлғалардың бірі. Ол қазақ теледидарында үлкен тәжірибеден өтті. Сол шеберлік оны «Хабар» арнасының көрермені мол «Жеті күн» сараптау бағдарламасына алып келді.

 «Бизнес - Хабар» экономика жаңалықтары осы хабарлардың заңды жалғасы деуге болады. Өкініштісі, эфирдегі уақыты небәрі 5-ақ минут. Аптасына 2 рет орысша, 2 рет қазақша. Жүргізушісі -Азамат Кенже. Уақыт шектеулілігіне орай, бұл хабарды жүргізушіге шапшаңдық, дәлдік, әрі тереңдік қасиеттер керек. Экономика жаңалықтарына Азамат, кәдімгідей төселген ысылған. Көпшілікті өзіне тараттатын сүйкімділігі мен үнінде әуезділігі тағы бар. Өзін эфирде еркін, жинақы ұстайды. Оған қосымша белдеу арқылы үзіліссіз беріліп тұратын мәліметтер де көрермен көңілін аулаудың тиімді тәсілі.        

Телеэкран және саясат мәселесі мен теледидар төңірегіндегі саясат аптаның соңында «Жеті күн», «Мезгіл», «Информбюро» сараптамаларында айқын көрінеді. Осы үш хабарды жүргізген Серік Жанболат, Ғалым Боқаш, Бекжан Ыдырысовтың ой - өрістері биік, пікірлері айқын.  Эфирдегі тележүргізуші бойынан ой - өрісі мен білім біліктілігінің қаншалықты екені «ә» дегеннен – ақ аңғарылып жатады.

Телехабардың жақсы шығуы жүргізушінің – хабарды жеткізушінің кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты. Белгілі бір оқиғаның мәнін ашып көрсетуде жүргізушінің кадрда өзін мейлінше табиғи ұстай білуі, дауыс ырғағының табиғи шығуы көп рөл атқарады. Бұл тұрғыдан келгенде Зейін Әліпбектің, Қымбат Досжанның, Дана Нұржігіттің сөйлеу машығы табиғи шығып жатса, «Еларнадағы» Досымбек Қонысбекұлының да өзін - өзі ұстауы, сөйлеу машығы жақсы әсер қалдырады десек, қазақ тілінде хабар жүргізіп жүрген қыздарымыз бен жігіттерімізге камера алдында камера алдында сөйлеу мен өзін - өзі ұстау мәнеріне үйрену, шеберлікті ұштау мектебіне өту қажет – ау деген ой келеді.

Көңілге қонатыны, журналистерде ізденіс, ой – пікір айтуда орнықтылық танытуға деген талап бар. Әрі бірқатары осы талап үрдісінен көрініп те жүр. Ойдағы жүйелілік, кейіпкер әңгімесі мен сарапшы пікірінің бір – бірін толықтыруы, ой – санаға бет бұрғандығымызға кепіл. Көп мәселеде терең талдау мен мол білімдарлық та қылаң беріп жатады. Бұл жақсы үрдіс. Міне, қазақ тележүргізушілер арасында осындай тың ізденіспен келген, әдемі үрдіс қалыптасып келеді мен осы тележүргізушерге қатты еліктеймін.

Бөлісу: