«Қоңыр күз еді» атты алғашқы повесі 1963 жылы жарық көреді

26 Шілде 2013, 10:42

Жазушы Қалихан Ысқақовтың  шығармаларында көтерген проблемалар мен қоғамдық қомақты мәселелер бір күнде, бір жылда шешіле салмайтын, кешегі арқылы бүгінгі ұрпақты ойландыруға жетелейтін  терең философиялық ойларға апаратын тағлымды туындылар. Жазушының әрбір шығармасын оқығанда онда суреттелетін өмір шындығына көңіл аударып қана қоймайсың, адамдардың мұңы мен мұқтажына еріксіз ортақтасып, терең толғанысқа, сағынышты балалық шаққа, басыңнан өткен қимас сезімдерге орала бересің. Бұл жазушының шығармашылығындағы халықтық сипаттың әсері, әдеби кейіпкерінің жақын болуының себебі де өзіміздей қарапайым адамдардың өмірінен алынғандығы, олардың психологиясын өзгеше өрнектеуінен десе болғандай.  «Қоңыр күз еді» атты алғашқы повесі 1963 жылы жарық көреді.  Бұл повесінен жазушының шығармашылық бағытындағы оң беталысты сонау ерте кезден аңғарғанына куә боламыз. Мұнда жазушының қарапайым халық арасынан шыққан Қасым атты кейіпкерінің балалық шағы, алғашқы жақсы көру сезімдерінің ұнамды жақтарын баяндауға ден қойғанын, басты бейненің бойындағы жақсы белгілерді көрсетумен бірге автор оның ой-санасындағы шектелушілікті де жасырмайды. Жазушы өз кезеңіндегі өмір шындығына иек арта отырып, Қасым атты кейіпкері арқылы сол кездегі жастардың сүйіспеншілігі, бір-бірімен қарым-қатынасы, мектеп оқушыларының басынан кешкен әрқилы оқиғаларын қиюластыра келе, бір мектепте болған жастар арасындағы қызғылықты жайларды жай ғана баян етпей, олардың шынайы сезімдерін жеріне жеткізе суреттеуінен Қалихан Ысқақовтың реалистік қырын тереңнен танимыз. Бұл повесте адам бойындағы, мінезіндегі мінді мінеу жағы басым шығып та жатқан тұстары бар. Мысалы, мектеп директоры Қалматай – лақап аты Маймұрын, оның әйелінің поддиректор аталуының себептері, интернат завхозының шын аты Зейнолланың - Беликов аталу себептерін тәптіштеп көрсеткен автор бұл кейіпкерлердің моральдық тағдырларын тартымды бейнелейді және астарлы юмористік жолмен хал-қасиеттерін нанымды ашқан. Жазушының майдақоңыр юморы ара-тұра еріксіз күлкіге үйіреді. Мысалы, повестегі Қыдырханның Бүкір аталу себептері, тәрбиеші, мұғалім, ұстаздарға жағынып жүретін қылықтары өзіне ғана тиесілі сияқты. Қыдырхан сияқты оқушы әр мектепте де кездеседі, бірақ Қ.Ысқақов повесіндегі Қыдырхан әрбір қылығымен жағымпаз оқушылардың жинақты бейнесі есепті.

Жазушы Қалихан Ысқақовтың  шығармаларында көтерген проблемалар мен қоғамдық қомақты мәселелер бір күнде, бір жылда шешіле салмайтын, кешегі арқылы бүгінгі ұрпақты ойландыруға жетелейтін  терең философиялық ойларға апаратын тағлымды туындылар. Жазушының әрбір шығармасын оқығанда онда суреттелетін өмір шындығына көңіл аударып қана қоймайсың, адамдардың мұңы мен мұқтажына еріксіз ортақтасып, терең толғанысқа, сағынышты балалық шаққа, басыңнан өткен қимас сезімдерге орала бересің. Бұл жазушының шығармашылығындағы халықтық сипаттың әсері, әдеби кейіпкерінің жақын болуының себебі де өзіміздей қарапайым адамдардың өмірінен алынғандығы, олардың психологиясын өзгеше өрнектеуінен десе болғандай.

 «Қоңыр күз еді» атты алғашқы повесі 1963 жылы жарық көреді.  Бұл повесінен жазушының шығармашылық бағытындағы оң беталысты сонау ерте кезден аңғарғанына куә боламыз. Мұнда жазушының қарапайым халық арасынан шыққан Қасым атты кейіпкерінің балалық шағы, алғашқы жақсы көру сезімдерінің ұнамды жақтарын баяндауға ден қойғанын, басты бейненің бойындағы жақсы белгілерді көрсетумен бірге автор оның ой-санасындағы шектелушілікті де жасырмайды. Жазушы өз кезеңіндегі өмір шындығына иек арта отырып, Қасым атты кейіпкері арқылы сол кездегі жастардың сүйіспеншілігі, бір-бірімен қарым-қатынасы, мектеп оқушыларының басынан кешкен әрқилы оқиғаларын қиюластыра келе, бір мектепте болған жастар арасындағы қызғылықты жайларды жай ғана баян етпей, олардың шынайы сезімдерін жеріне жеткізе суреттеуінен Қалихан Ысқақовтың реалистік қырын тереңнен танимыз. Бұл повесте адам бойындағы, мінезіндегі мінді мінеу жағы басым шығып та жатқан тұстары бар. Мысалы, мектеп директоры Қалматай – лақап аты Маймұрын, оның әйелінің поддиректор аталуының себептері, интернат завхозының шын аты Зейнолланың - Беликов аталу себептерін тәптіштеп көрсеткен автор бұл кейіпкерлердің моральдық тағдырларын тартымды бейнелейді және астарлы юмористік жолмен хал-қасиеттерін нанымды ашқан. Жазушының майдақоңыр юморы ара-тұра еріксіз күлкіге үйіреді. Мысалы, повестегі Қыдырханның Бүкір аталу себептері, тәрбиеші, мұғалім, ұстаздарға жағынып жүретін қылықтары өзіне ғана тиесілі сияқты. Қыдырхан сияқты оқушы әр мектепте де кездеседі, бірақ Қ.Ысқақов повесіндегі Қыдырхан әрбір қылығымен жағымпаз оқушылардың жинақты бейнесі есепті.

Бөлісу: