«Жаны жайсаң аға» очеркі

26 Шілде 2013, 10:09

Әңгіме тақырыбы - халық батырының күнделікті өмірінің бір ғана сәті  болса, автор идеясы - ел үкілеген азаматтардың қарапайымдылығы, мәрттігі, қазақи мінездің өзгешіліктерін сипаттау. Шығарманы оқу барысында өзін халық батырын мақтауды сезінбейсің, бірақ сенің бойыңды қазақ батырымен мақтану сезімі билейді. Енді «Жаны жайсаң аға» очеркіне назарымызды салайық. Алпысыншы жылдары жастардың арасында аңыз болған М. Әуезов лекциясында автормен бірге отырып, ҚазМУ-дің лекция залында Мұхтар үніне қанық боласың. Әдебиеттің майталманы атанған аға лекциясына сол кездегі бар студент жапа-тармағай ұмтылып, қара сөздің шебері Мұхтар сөзін елітіп тыңдағаны жөнінде аңыз боп қазіргіге жеткенін білеміз. Тіпті З.Қабдолов шығармаларында Мұхтар Әуезов кім екеніне көзін жеткізгеніңді білетінсің, ал Қ.Салғараұлы очеркінде оның нағыз шындық екеніне бас шұлғисың. Ұлылардың ұлылығын кейінгі ұрпаққа таныстырып, күнделікті қарапайымдылық даналық пен білгірлікке бастар жол екенін түсінесің.  “Балауса бақыт” әңгімесінде қазақ халық мәдениеті туралы сөз қозғалады. Қостам аңызы. “Қостам архитектуралық құрылысы жағынан мен көрген тамдардың біріне ұқсамайтын ерекше дүние екен. Таң қалдырды. Моланың үстінен бүрмелей өрген тамның түсі-түрі көрпемен жабылған тал бесікке ұќсас, жоғарғы жағы көкке созылған құстың қос қанатын бейнелейді.  Тамды салушы белгісіз шебер осы арадан олай-бұлай өтетін жүргіншілерге «Бұл арада махаббаттың қос сәбиі жатыр»,- дегенді ұғындыруды мақсат етсе керек. Туындыда тек қана қазақ архитектурасының шеберлігіне тамсану ғана емес, сонымен бірге екі жастың бір-біріне деген махаббат сезімдеріне тәнті боласың! Махаббатқа берік жастардың сезімін өзгелерге танытып тұрған Қостам мазары ғасырлар бойы сақталып, халық арасында дәріптеліп келді.     «Жол үстіндегі үй» туындысындағы әңгіме өте қысқа. Жол үстіндегі жалғыз үйге дала түсін шимайлаған жолдан шаршаған қарт адам түседі. Көзі жазым болған қарт ана оны жан дүниесімен сезінеді. Немересі самаурын көтеріп, қартқа ас береді. Әңгімелесе отырып, қарт ана басынан кешкенін айта отырады. Жас шағында сүйгенін кездестірген Жамал тағдыр тәлкегіне көп ұшырайды. Бірақ жолында Мүсірәлі деген қайырымды жан кездесіп, жақыны болмаса да өз қарындасындай қомқорлық көрсетеді. Жамал қартайса да Мүсірәлінің жақсылығын ұмытқан емес. Сонымен бірге, жүрегіне от тастап, тағдыр тәлкегіне ұшырауына себепкер болған жас жігітті де ұмытқан емес.

Әңгіме тақырыбы - халық батырының күнделікті өмірінің бір ғана сәті  болса, автор идеясы - ел үкілеген азаматтардың қарапайымдылығы, мәрттігі, қазақи мінездің өзгешіліктерін сипаттау. Шығарманы оқу барысында өзін халық батырын мақтауды сезінбейсің, бірақ сенің бойыңды қазақ батырымен мақтану сезімі билейді.

Енді «Жаны жайсаң аға» очеркіне назарымызды салайық. Алпысыншы жылдары жастардың арасында аңыз болған М. Әуезов лекциясында автормен бірге отырып, ҚазМУ-дің лекция залында Мұхтар үніне қанық боласың. Әдебиеттің майталманы атанған аға лекциясына сол кездегі бар студент жапа-тармағай ұмтылып, қара сөздің шебері Мұхтар сөзін елітіп тыңдағаны жөнінде аңыз боп қазіргіге жеткенін білеміз. Тіпті З.Қабдолов шығармаларында Мұхтар Әуезов кім екеніне көзін жеткізгеніңді білетінсің, ал Қ.Салғараұлы очеркінде оның нағыз шындық екеніне бас шұлғисың. Ұлылардың ұлылығын кейінгі ұрпаққа таныстырып, күнделікті қарапайымдылық даналық пен білгірлікке бастар жол екенін түсінесің.

 “Балауса бақыт” әңгімесінде қазақ халық мәдениеті туралы сөз қозғалады. Қостам аңызы. “Қостам архитектуралық құрылысы жағынан мен көрген тамдардың біріне ұқсамайтын ерекше дүние екен. Таң қалдырды. Моланың үстінен бүрмелей өрген тамның түсі-түрі көрпемен жабылған тал бесікке ұќсас, жоғарғы жағы көкке созылған құстың қос қанатын бейнелейді.  Тамды салушы белгісіз шебер осы арадан олай-бұлай өтетін жүргіншілерге «Бұл арада махаббаттың қос сәбиі жатыр»,- дегенді ұғындыруды мақсат етсе керек. Туындыда тек қана қазақ архитектурасының шеберлігіне тамсану ғана емес, сонымен бірге екі жастың бір-біріне деген махаббат сезімдеріне тәнті боласың! Махаббатқа берік жастардың сезімін өзгелерге танытып тұрған Қостам мазары ғасырлар бойы сақталып, халық арасында дәріптеліп келді.    

«Жол үстіндегі үй» туындысындағы әңгіме өте қысқа. Жол үстіндегі жалғыз үйге дала түсін шимайлаған жолдан шаршаған қарт адам түседі. Көзі жазым болған қарт ана оны жан дүниесімен сезінеді. Немересі самаурын көтеріп, қартқа ас береді. Әңгімелесе отырып, қарт ана басынан кешкенін айта отырады. Жас шағында сүйгенін кездестірген Жамал тағдыр тәлкегіне көп ұшырайды. Бірақ жолында Мүсірәлі деген қайырымды жан кездесіп, жақыны болмаса да өз қарындасындай қомқорлық көрсетеді. Жамал қартайса да Мүсірәлінің жақсылығын ұмытқан емес. Сонымен бірге, жүрегіне от тастап, тағдыр тәлкегіне ұшырауына себепкер болған жас жігітті де ұмытқан емес.

Бөлісу: