БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) барлық мемлекеттер үшін некеге тұрудың бірыңғай жас нормаларын белгілеу қажет деп есептейді. Қордың Германиядағы бөлімшесінің басшысы Нинья Шарбонно осындай талап қойып отыр, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.
«Көптеген қыздар 18 жасқа толмай тұрмыс құрып жатады. Осылайша базбіреулер олардың балалық шағына қол сұғады», - деп есептейді ол.
Шарбонноның сөзіне қарағанда, ерте тұрмыс құру «олардың алдағы өміріне таңба салады».
«Олар мектепке баруды доғарады. Жоғары білім алмайтыны онсыз да түсінікті. Жұмысқа орналасуға мұршасы болмайды. Жалпы сыртқы әлемнен қол үзеді», - деп толықтырды ол.
Нинья Шарбонноның мұндай мәлімдеме жасауына 11 жасар йемендік қыздың тағдыры себеп болған. Ол 20 шілде күні YouTube-ке шыққан бейнежазбада еркінен тыс күйеуге шыққысы келмейтінін және сол үшін үйінен қашып кеткенін баяндаған. Бірнеше күннің ішінде роликті 7 млн-нан астам адам көрді.
ЮНИСЕФ-тің мәліметінше, бүгінгі 20-дан 24 жасқа дейінгі қыздардың 33%-ы 18 жасқа дейін отбасын құруға мәжбүр болған екен.
bnews.kz