Алматы облысында өлке тарихын зерттеу бойынша арнайы комиссия құрылды

26 Шілде 2013, 09:08

Алматы облысында өлке тарихын зерттеумен айналысатын арнайы комиссия құрылады. Бұл жөнінде BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында Алматы облысы мәдениет басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов мәлімдеді.  «Қазір тарихты зерттеуге ерекше көңіл бөлінуде. Алматы облысында біздің облысымыздың тарихын зерттеумен айналысатын комиссия құрылды. Бұл комиссия әкім қаулысымен бекітілген және бүгінде комиссия өз жұмысына кірісіп кетті», – деді ол.  Сонымен қатар, Есдәулетовтың айтуынша, Алматы облысындағы өлкеде орын алған тарихи оқиғалардың толық бейнесін жасау үшін көп жасаған жергілікті тұрғындардың көмегіне жүгінеді.  «Алматы облысы тарихи мекен боп табылады. Себебі бұл жақтан Ұлы Жібек жолы өткен. Қойлық, Қарамерген, Қарақыстақ сынды тарихи қалалар ішінара зерттелгенімен, біз әлі «тереңдей» қойған жоқпыз. Бұл үш қала дүниежүзілік тарихи орын ретінде ЮНЕСКО-ның тізіміне енді.  Ол археологиялық қазбалар, зерттеу жұмыстары ғылыми негізде жүргізілуі тиіс екеніне сенімді. Осыған байланысты Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің базасында , тарих кафедрасында ғылыми құрам және ұстаздармен бірге өлке тарихын зерттеу бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде.  «Негізі, біз өз тарихымызды, халқымыздың мәдениетінің тарихын жетік білмейміз. Бізге оны меңгеріп, білу қажет», – деді ол.

Алматы облысында өлке тарихын зерттеумен айналысатын арнайы комиссия құрылады. Бұл жөнінде BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында Алматы облысы мәдениет басқармасының басшысы Рахмет Есдәулетов мәлімдеді. 
«Қазір тарихты зерттеуге ерекше көңіл бөлінуде. Алматы облысында біздің облысымыздың тарихын зерттеумен айналысатын комиссия құрылды. Бұл комиссия әкім қаулысымен бекітілген және бүгінде комиссия өз жұмысына кірісіп кетті», – деді ол. 


Сонымен қатар, Есдәулетовтың айтуынша, Алматы облысындағы өлкеде орын алған тарихи оқиғалардың толық бейнесін жасау үшін көп жасаған жергілікті тұрғындардың көмегіне жүгінеді. 

«Алматы облысы тарихи мекен боп табылады. Себебі бұл жақтан Ұлы Жібек жолы өткен. Қойлық, Қарамерген, Қарақыстақ сынды тарихи қалалар ішінара зерттелгенімен, біз әлі «тереңдей» қойған жоқпыз. Бұл үш қала дүниежүзілік тарихи орын ретінде ЮНЕСКО-ның тізіміне енді. 

Ол археологиялық қазбалар, зерттеу жұмыстары ғылыми негізде жүргізілуі тиіс екеніне сенімді. Осыған байланысты Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің базасында , тарих кафедрасында ғылыми құрам және ұстаздармен бірге өлке тарихын зерттеу бойынша үлкен жұмыс жүргізілуде. 

«Негізі, біз өз тарихымызды, халқымыздың мәдениетінің тарихын жетік білмейміз. Бізге оны меңгеріп, білу қажет», – деді ол.

Бөлісу: